«Қайран жастық» халықтық ардагерлер ансамблі

«Қайран жастық» ардагерлер хор ұжымы 1993 жылы құрылған.

2011 жылы  «Халықтық» атағы берілді.

Ұжым  жыл сайын 9 мамыр Жеңіс күніне орай өткізілетін облыстық «Ардагерлер ән салады» атты фестивальге қатысады.

«Ауылым – алтын бесігім»  атты мерекелік концерттік бағдарламасымен Павлодар облысының Баянауыл ауданында және Қарқаралы ауданының ауылдарына гастрольдік сапармен барып,  өнер көрсетті.

«Қайран жастық» ардагерлер хор ұжымы барлық  аудандық шараларға үнемі атсалысып, халық мұрасын сақтап, болашақ ұрпаққа эстетикалық тәрбие беріп, өнерлерімен көрермен қауымның ықыласына бөленіп жүр.

Жетекшісі: Сыздыков Темірбек «Қайран жастық» ардагерлер хор ұжымы мен халықтық «Салтанат» ән би ансамблінің хор ұжымымен жұмыс жасап, өзінің биік кәсіптік денгейін және шығармашылық нәтижелерді көрсетуде.

Оның жетекшілігімен «Қайран жастық» хор ұжымы  «Варшавские напевы» байқауында  лауреат атанды. Хор ұжымының репертуарында қазақ, орыс халық әндері, классика әндер де бар. Хор ұжымымен жұмыс кезінде А.Стрельникова, в. Емельянов әдістері мен жүйелерін қолданады.

Мәдениеттің дамуына үлес қосқаны үшін «Мәдениет саласының үздігі» атағын алды; «Қ.Аманжоловтың 100ж», «ҚР Тәуелсіздігінің 25ж» төс белгілері және «Құрметті үздік мұғалім», «Педагогика саласының үздігі» марапаттары бар.

Iс-шаралар

Меню