Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «ЖАРҚЫН» халықтық би ансамблі

«Жарқын» би ансамблі 1977 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті студенттер мәдениет сарайы базасында, студент жастарды отандық және әлемдік көркем мәдениет жетістіктеріне баулу, қазақ ұлттық биінің өзіндік өнерін насихаттау мақсатында құрылды.

Ұжым ҚарМУ ректоратының, профессорлық-оқытушылық құрамының бастамасымен және қолдауымен құрылды.

Ұжым жұмысының мазмұнында студент жастардың азаматтылығы мен патриотизмін, оның қоғамдық белсенділігін, бастамашылығын, жауапкершілігін қалыптастыруға, көркем-шығармашылық қабілеттерін, жеке уақыты мен бос уақытын ұйымдастыру білігін, әлеуметтік белсенді тұлғаның қасиеттерін дамытуға жағдай жасауға баса назар аудару болып табылады.

«Жарқын» халықтық би ансамблі өз қызметінің алғашқы жылдарынан бастап қалалық және облыстық концерттік бағдарламалардың тұрақты қатысушысы, Мәскеу қаласында өткен жастар мен студенттердің ХІІ Дүниежүзілік фестивалінің (1985 жылы), Қазақстан, Ресей, Украина, Түркіменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Тува халық шығармашылығы фестивальдерінің лауреаты болып табылады.

1997 жылы Қазақстан Республикасы Білім және мәдениет министрлігі Мәдениет департаментінің (№09/701) қаулысымен «Жарқын» ансамбліне «Халықтық» атағы берілді.

Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ «Жарқын» халықтық би ансамблі Қарағанды облысының студент жастарын аймақтық, республикалық және халықаралық байқаулар мен фестивальдерде таныстырады, республикамыздың астанасы Астана қаласындағы Қарағанды облысының мәдениет күндері бағдарламасының тұрақты қатысушысы болып табылады. Ұжым Австриядағы Қазақстан Республикасының Мәдениет күндерінің қатысушысы болды.

Бүгінде «Жарқын» халықтық би ансамблі – облыстық, аймақтық, республикалық және халықаралық байқаулар мен фестивальдердің лауреаты – хореографиялық өнердің үздік дәстүрлерін жалғастырып, дамытуда.

Ансамбль жетекшісі: Оразбекова Айжан Әлімбекқызы

Конкурстар мен фестивальдарға қатысу:

  • Қазақстан, Ресей, Украина, Түркіменстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Тува, Түркия халық шығармашылығы фестивальдерінің лауреаты;
  • Мәскеудегі Халықаралық Жастар және студенттер фестивалінің лауреаты;
  • ІІІ Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің бірінші сыйлық иегері (Астана қаласы);
  • Шара Жиенқұлова атындағы ІІ Республикалық қазақ би байқауының лауреаты. (Орал қаласы);
  • Қазақстанның студент жастарының «Жас толқын» І, V және VI республикалық фестивальдерінің лауреаты;
  • Жерорта теңізі елдері студенттерінің VI Халықаралық фестивалінің лауреаты;
  • «Жастар – Қазақстанның болашағы» атты студенттердің І, ІІ, ІІІ, IV, V, VI, VII және VIII аймақтық фестивальдерінің лауреаты;
  • Қазақстанның Ұлттық Дельфийлік ойындарының жеңімпазы және алтын медаль иегері – 2007 жыл;
  • «EuroCup» республикалық би турнирі Кубогының жеңімпазы;
  • Халықаралық студенттік шығармашылық фестивалінің жеңімпазы;
  • «Студенттік көктем» аймақтық фестивалінің І сыйлық иегері;
  • Спорттық және заманауи билер бойынша облыстық турнир («Халықтық сахналық би» номинациясы) – 1 орын және кубок (Қарағанды қаласы);
  • Республикалық би олимпиадасы – жеңімпаз кубогы (Алматы қаласы).

Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ студенттері ансамблі мүшелерінің- жасы 19-22 жас аралықты құрайды.

Қазіргі уақытта ұжымда Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың түрлі факультеттері мен курстарының 40-тан астам студенті айналысады.

«Жарқын» халықтық би ансамблі қалалық, облыстық, аймақтық және республикалық концерттік бағдарламалардың белсенді қатысушысы болып табылады.

Iс-шаралар

Меню