«Тоқырауын толқындары» халықтық ән-би ансамблі

1965 жылы көркемөнерпаздар ұжымы ансамбль болып құрылып, оның аты «Тоқырауын толқындары» болып аталды.

1973 жылы  «Тоқырауын толқындары» халықтық ән-би ансамблі болып құрылды.

1970 жылы жаңа Мәдениет үйінің берілуіне байланысты  ашылу салтанатына «Жаяу Мұса»  спектаклі дайындалып қойылды. «Тоқырауын толқындары» ансамблі жаңа бағдарламамен Мәдениет үйінің кең сахнасында өнер көрсетті.

1971 жылы театр өнеріне режиссер болып Тұңғышбай Мұқанов келіп ансамбль мен театр өнерінің дамуына  басшылық жасап, 1973 жылы театр ұжымы «Халықтық» құрметті атағын жеңіп алды. Осындай тынымсыз еңбегін бағалап Тұңғышбай Мұқановқа «Құрмет белгісі» орденін берді.

1975 жылы «Тоқырауын толқыны» ансамблі  Ұлы Жеңістің 30 жылдығына 9 майда Москвада өнер көрсетіп сол жылы ансамбльге «Халықтық ансамбль» деген құрметті атақ берілді.

1984 жылы қазан айында Алматы қаласында өткен С.Сейфуллиннің 90 жылдық тойына жолдама алып, Мұхтар Әуезов атындағы академиялық театрда өнер көрсетіп ақын – жазушылардың қошеметіне ие болып қайтты.

1998 жылы Астана қаласының тұсаукесер тойына жолдама алып ансамбль ұжымы өнер көрсетіп қайтты.

Өткен 1999-2000 жылдары Қарағанды шахтерлары мерекелері мен Ақтоғай күні мерекелеріне өнер көрсетіп алғысқа бөленіп қайтты.

2002 жылы Балқаш қаласында өткен Ағыбай батырдың 200 жылдық мерейтойында «Тоқырауын толқыны» халықтық ән-би ансамблі өз өнерін  көрермен қауымға паш етті.

Балқаш қаласында өткен дәстүрлі «Ауыл береке-2002-2004» байқауларында  да ансамбль өз бигінен көрінді.

Ансамбль құрамында әнші, биші, күйші өнерпаздардан тұратын 70-ке тарта адам бар. Ансамбль бағдарламасын ұлттық өнер төңірегінде құрайды.

 


 

Ақтоғай ауданының «Тоқырауын толқындары» халықтық ән-би ансамблінің жетекшісі – Имашев Әлібек Рымханұлы

1971 жылы дүниеге келген. Қарағанды облысы Тәттімбет атындағы музыка училищесін бітірген.

1989-1995 жылдары Қызыларай клуб үйінде көркемдік жетекші қызметін атқарған.

1995-2005 жылдар аралығында Ақтоғай Мәдениет үйінде «Арман» эстрадалық  ансамблінің жетекшісі болып қызмет атқарды.

2006-2008 жылдары Балқаш қаласының «Сарыарқа» ансамблінің концертмейстері.

2008 жылдан бастап «Тоқырауын толқындары» халықтық ән-би ансамблінің көркемдік жетекшісі.

Iс-шаралар

Меню