Народные коллективы Улытауского района OLD (kk translation)

«Жезді жұлдыздары» халықтық ән-би ансамблі

Жезді аудандық бөлімінің жанынан «Жезді жұлдыздары» халықтық ән-би ансамблі 1973 жылы құрылды.

Олардың құрамында әр-түрлі сала қызметкерлері, жұмысшылар, оқушылар, зейнеткерлер т.б өнер көрсетті.

1975 жылы облыстық, республикалық байқаулардың лауреаты атанған.

1976 жылы Москва қаласында  ВДНХ  Бүкілодақтық халықтар шығармашылығы көрмесінде өнер көрсетіп, әділ-қазылар алқасының назарына ілініп, ансамбль «Халықтық» атағын алды.

«Жезді жұлдыздары» халықтық ән-би ансамблі алғаш құрылғанда Эдуард Казбан, Катя Нұғманова, Тұрсынбек, Мұқан Қайсыновтар, Сара Өмірзақова, Шәріп Әлжан, Қазитов Төрехан, Сара Сейтмағанбетова т.б өнер көрсетті.

Ансамбль өнерпаздары жыл сайын  репертуарларын жаңартып, шалғайдағы елді-мекендерді аралап, гастрольдік сапармен халыққа қызмет көрсетіп келеді.

Оркестрдің репертуарында халық күйлері, халық әндері және күйшілердің авторлық шығармалары бар.

Бишілер тобының жетекшісі Ж.Даутпаева  дайындаған «Өзбек биі», «Түрік биі», «Ұйғыр биі» т.б әр ұлтың билері әр бағдарламада зор ықыласпен қабылдануда.

«Жезді жұлдыздары» ансамблінің үлкен жетістіктерге жетуіне бишілер тобының да үлесі мол.

Жоғарыда аталған өнерпаздардың бәрі де осы ансамбльдің беделді мүшелері.

Кадирова Алмагул Сариевна 4 маусым 1965 жылы Қызылорда облысы Арал ауданында дүниеге келген.

1982 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтының музыка факультетіне оқуға түсті.

1986 жылы «Музыка және ән» мамандығын алып шықты.

Институт қабырғасында жүргенде «Сыр сұлуы» фольклорлық саз ансамблінде ән айтып, қобыз аспабында ойнады.

1987 жылы жолдамамен Жезді кентіндегі мектеп-интернатына мамандығы бойынша мұғалім болып жіберілді.

«Жезді жұлдыздары» халықтық ән-би ансамблінің әншісі және оркестрде баян аспабында ойнап, мәдени іс-шараларға белсене араласты.

1989 жылы Жезді балалар музыка мектебіне ұстаз болып жұмысқа орналасқан. Оқушыларды сахнаға бейімдеп, өнерлі және дарынды балаларды тәрбиелегені үшін аудандық білім бөлімінен грамоталар мен облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясының атынан көптеген «Алғыс хатпен» және «Дипломмен» марапатталды.

1990 жылы К.Бәйсейітова атындағы вокалистердің облыстық байқауына қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

2013 жылдан бастап «Жезді кенті Мәдени-сауықтыру орталығы» КМҚК-нда «Жезді жұлдыздары» халықтық ән-би ансамбльдің көркемдік жетекшісі қызметіне қабылданып, осы уақытқа дейін жұмыс атқарып келеді.


«Кеңгір» халық театры

1985 жылы Ұлытау ауданы Қаракеңгір кеңшарында клуб жанынан «Кеңгір» халықтық көркемөнерпаздар театры құрылды. 1987 жылы Жезқазған қаласының С. Қожамқұлов атындағы  қазақ театрының сахнасында Т.Ахановтың «Күшік күйеу» спектаклін көрсетті. 1995 жылы Қаракеңгір Мәдениет үйінің жабылуына байланысты мәдени ошақ жұмысын тоқтатты. 2005 жылы он жылдан кейін театр өз жұмысын қайта бастады. 2008 жылы театр өз жұмысын қайта бастады және жұмысын жалғастырды. 2008-2010 жылдары театр ұжымы бірнеше спектакльдер дайындап, Ұлытау, Егінді, Алғабас және Амангелді ауылдық округтерінің тұрғындарына Т.Молдағалиевтің «Ананың көз жасы» спектаклін көрсетті.

2013 жылы «Кеңгір» театрына «халық театры» атағы берілді.

Ұжым репертуарында Т.Молдағалиевтің «Ана көз жасы», Ф. Бульяковтың «Күйеуге шыққан кемпірлер», Д. Исабековтың «Ойнамандар соғыспен», Т. Нұрмағанбетовтың «Бес бойдаққа бір той», Ғ. Мүсіреповтің «Қозы көрпеш – Баян сұлу», Б. Мерекенованың «Заманың түлкі болса…»

Театрдың жетекшісі – Баймышев Қанат Төлеубекұлы

 

 

 

 

 

 


«Ұлытау сазы» халық фольклорлық ансамблі

Аудандық Мәдениет үйі жанындағы «Ұлытау сазы» халық фольклорлық ансамблі 1990 жылы құрылған. Құрамында 15 өнер иелері бар. 1994 жылы Жезқазған облысының атынан Средиземное теңіз жағалауында Италияда өткен халықаралық байқауға қатысты. Мәскеуде, Римде, Кльяриде және Сардиния аралында Қазақ ұлттық өнерін насихаттады. Алматыда «Наурыз-95» мерекесіне ат салысты.

Қарағандыда «Сарыарқа»облыстық музыка фестиваліне қатысты. «Ұлы дала сазы» республикалық фестиваліне, «Жез Киік» республикалық фестиваліне, Астана қаласындағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне, Арқалық қаласының мерейтойына қатысты. «Ұлытау сазы» халық фольклорлық ансамблі ауданның барлық ауқымды іс-шараларына қатысады.

Жетекшісі – Садуақасов Байғара

 

Iс-шаралар

Меню