Народные коллективы Шетского района OLD (kk translation)

«Ақадырәуендері» фольклорлықхалықтықансамблі

«Ақадырәуендері» халықтықансамблібүгінгікүндемузыкалықаспаптарментолыққамтамасызетілген.  Ансамбільдің  27мүшесі бар.   Ансамбль бас домбыра, концерттікдомбыра, концерттікқобызжәне прима аспаптарыменқамтамасызетілген. Соныменқатар ансамбль ұлттықкиімдермен де толыққамтамасызетілген. Ансамбльдіңорындауындағыкүйлер: Құрманғазыныңкүйлері «Балбырауын» т.б., Қазанғаптыңкүйі «Ақжелең», Халықкүйі «Телқоңыр», Н.Тілендиевтің «Ататолғау» т.б. туындылархалыққаруханидемалыссыйлап, үлкенсұранысқаиеболыпкеледі. Ансамбль жетекшісі  А. К. Рыспекова. Ансамблдіңбелгілімүшелері: Қ.Бектұрсынов, Т.Қонысбекқызыансамбльдіңжандануынаүлкенүлесқосып, репертуар таңдаужағынанбілгірмаманретіндетанылыпжүргенөнериелері. «Ақадырәуендері» халықтықансамбліқазіргітаңдажаңабағдарламаларенгізіпізденісүстінде

«Ақадырәуендері» фольклорлықхалықтықансамблінің жетекшісі – Рыспекова Айзада Конысбаевна

 

 

 

 

 

 

 


«Ақсу – Аюлы» ән- би халықансамблі

«Ақсу-Аюлы» ән- би халықансамбліАқсу-Аюлыауылыныңмәдениетүйіжанынан 1975 жылықұрылған. АнсамбльдіұйымдастырудаАлматыданәнші-композитор Ә.Бейсеуов, ақын С. Сейтқазиншақырылып, үлкенжұмыстаратқарылды. Ауданөнерпаздарыішіненәнші, биші, күйшілеріріктеліпалынған. АнсамбльдіқұруғаТөлеубайӘбдіғалиев, соныменқатар  М. Омаров, С. Түсіпбеков, Ы. Төлегенов, А. Рашитов,                                              К. Қасымбекова, С. Каппарова,  3. Сүйіндікұлы, Г. Ошақбаева, М. Медеуова, Б. Өтегенова т. б. атсалысқан. Халықансамбліхалықәндерін, жерлесақынМаясарәндерін, күйшіҚыздарбек, Сембектердіңкүйлеріндәріптеудеқосыпжүргенүлесі аса елеулі.

«Ақсу – Аюлы»  ән – би халық ансамблінің жетекшісі – Тажибеков Жанболат Бәкенұлы

 

 

 

 

 


«Ақадыр» халық театры ұжымы

Театр ұжымы 2002 жылы құрылған. Осы уақыт аралығында театр ұжымы халыққа үздіксіз қызмет етіп келеді. Ұжым мүшелерінің негізгі құрамы мәдениет қызметкерлері, мәдениет саласында зейнеткерлікке шыққан ардагерлер, мектеп оқушыларыда бар. Мақсаты: өнерпаздардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, оқырмандық, көркемдік талғамды қалыптастыру. Ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, әдебиетті өнер табиғатына сай жанашылдығын оятуы өте маңызды. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Республика көлемінде Сұңқар ақын, қоғам қайраткері, Алаш көсемі Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығы кең көлемде аталып өтіп, жыл басынан ақынға арналған мәдени шаралар басталыпта кеткен болатын. Халық театр ұжымы құрамына 14 қатысушылар бар. Жетекшісі Сарғасқаева Қарқабат.

«Ақадыр» халық театры ұжымының жетекшісі – Каркабат Кеңесбайқызы

 

 

 

 

 

 


«Ақсу-Аюлы» халық театры

Шет  аудандық   мәдени – сауық  орталығының жанынан құрылған аудандық  халық  театрының алғашқы жұмысы 1975 жылы  драма үйірмесінен бастаса, драмалық  үйірменің дайындауымен 1978 жылы Халық театр атағын қорғап алды. Міні осы уақыттан  бастап аудандық мәдени- сауық орталығының  жанынан  құрылған  халық  театры өз  жұмысын   жүргізуде. «Театр  заман айнасы » екенін  айта  отырып,уақыт сарынына  қарай әр жылдағы  алдыңғы  буын  аға,   апалардың  дайындауымен    көптеген  драмалық, комедиялық тақырыптағы  қойлымдар  халыққа  ұсынылды. Драмалық үйірменің қатысушылары ең  алғаш  жазушы драматург С  Жүнісовтың  «Ажар мен ажал», «Қыр гүлі» спектакльдерін  халықа ұсынса. 1978 жылы заманымыздың заңғар жазушысы                          Ғ Мүсіреповтың  «Қозы көрпеш –Баян сұлу» спектаклін Жезқазған  қаласында қойып халық  театрын атағын  режиссер, күйші, актер, ақын Ермек Мұстафиннің бастауымен қорғап алды. Бұдан кейін Т. Ахтановтың «Ант» спектаклін  сахналап шығарды.  Сондай-ақ  Б. Тәжібаевтың  «Түрмеден қашқан» пьесасын саханалады,  рольдерде: Қосан- Марал Медеуова.  Жыршы ақын-Амантай Рашидов Төлеген Сапаров Бақытжан Өтегенова сынды актерлар өз шеберліктерін көрсетті.Аудандық театр  уақыт өткен сайын өз  репертуарын  байытып отырды ,  1984-91 жылдар аралығында  театр режисеры   болып жұмыс  істеген     Сайран  Түсіпбековтытың   дайындауымен бірнеше спектакль сахнаға әзірленіп қойылды.                            Ә Әбішевтың «Мәди»спектакліндегі рольде ойнағандар:  Ыбжан  Төлегенов. Саябек Айнатаев . Қарашұбар- Бекзат Қойшыбаев.  Келбет-Рыскүл Досанова . Мәди –Сайран Түсіпбеков,Қанаш-Қайрат Мұстафин өз образдарын тамаша сомдап, бірнеше актерлар  Республикалық  байқаудың  лауреаты  атағына ие болды. Сонымен бірге  Оразбек  Бодықовтың «Қанжар мен домбыра» және мұңлы  күлкісі бар «Құдалар» атты хикаясы  қойылды, осы қойлымға театрдың  актрисасы  Күміс  Қасымбекова.таланытты  актер  Ыбжан Төлегенов.Света Каппарова.Күлайша  Ермекова сынды өнер  тарландары қатысты. . Сонымен  бірге ақын  «Шортанбай Қанайұлы» атты шағын қойлым  қойылды. Ә Әбішевтің  «Белгісіз  батыр» спектаклі дайындалып. Аудан  театрларының  облыстық    «Ұлытау  үні»шеңберінде  өткен байқауында жүлделі екінші орынды жеңіп алды. Осы ұжымның керекесі осы уақытқа дейін сөгілмей, актерлық шеберліктерін жандандырып  жүрген  өнерлі  жастармен толықтандыруда. Міні осы уақыттан  бастап аудандық мәдени сауық орталығының  жанынан  құрылған  халық  театрының  жұмысы  өз мәнінде  жүргізуде Ел өмірінің түзу айнасы  театр сахнасы екенін  дәлелдеген  театр ұжымы  Сұлтанәлі  Балғабаевтың «Ғашықсыз ғасыр» екі бөлімді пьесасы  Наурыз айында  халыққа ұсынылды,  Осы қойлымдардың мазмұны   от басының  ажырамас  бөлшегі сәби, бала, ұрпақ  өсіру  мәселесі төңірегінде  болды, пьессаларда  басты рольдерді сомдаған бір шама жас  актерлар өздерін  басқа  қырынан  танытты. Аудан  жерінен шыққан  тарих тағылымдарының  ұлы сөздерін  келешек  ұрпаққа тәрбиелік  мәнінде жеткізуде үлкен театрланған  қойылымдарды әр мерекенің іс шараларына жоспарланған  атап айтсақ «Ғасыр үндестігі», «Тәуелсіздік  тағлымы», «Бабалар үні ұрпаққа аманат» тақырыбында    дайындалған театрланған  көрністерде  Жақсы  жәкең атанған  Жанғұтты шешен, Қақпан ақын.  Шортанбай жырау сынды   ұлы бабаларымызды насихатауда театр үлкен ізденіспен  жұмыстар атқарды.сонымен бірге күй  мектебін  құраған  Қыздарбек .Әбди,Сембек сынды  өнер мен  өмір  жолдарынынан дайындалған «Жоқшы » театрланған қойлым өз мәнінде  көрсетілді.Сондай-ақ  жас ұрпақтың  діни сауатын ашу,бір Аллаға сенімдерін арттыру келер ұрпақты адамгершілікке, мейірімділікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу, жастарды басқа дни ағымдардан сақтау мақсатында  «Адасқандар» атты театрланған қойлым халыққа ұсынылса,аудандық  халық театр актерларының қатысуымен дайындалған «Тәубеге келіу» театрланған  қойлым мен  көршілес  Ақтоғай ауданында  Мәуліт күніне  орай  болып қайтты. 2014 жылдың  Сәуір айында  Шәмші Қалдаяқовтың  рухына  арналған  Исрайыл    Сапарбайевтың   «Сыған серенадасы» атты поэтикалық   драмамасын аудан  халқы  ыстық ықыласпен қабылдады. Осы  жылдың Қараша  айында өзбек драматургы  Еркін  Құшуақтовтың «Қызыл алма» екі бөлімді комедиясы сахналандырады  аудармасын жасаған   Исрайыл  Сапарбай.

2015 жылдың жоспарына  енгізілген  Бексұлтан  Жақаевтың  «Әке тағдыры»  драмасын  Мамыр  айында көрермендерге  ұсынылды. Көпшілік  көрерменнің  ықыласына  ие болған  Әлібек Оразбековтың  «Бір  түп алма ағашы» драмасы дайындалып, театрт актерларының үлкен  шеберлігімен  орындалған  пьесасы халыққа  ұсынылды . Келесі 2016 жылдың жоспарына халық театрының ұжымы  Тәуелсіздіктің 25 жылдығының  аясында  қамтыу мақсатында  Қазақ халқының тәуелсіздігі үшін  күрескен Мәди Бәпиұлының рухына арналған «Азаттықты аңсаған ақиық» театрлаған  қойлым қойылды. Қазақстанның халық жазушысы Ә Әбішевтің 100 жылдық мерей тойына  С Сейфуллин атындағы облыстық  қазақ  драма  театрының 75 жылдығына арналған  халықтық (үлгі) драма ұжымдарының  облыстық байқау конкурсына белсене қатысқаны  үшін  Шет ауданның халық театры дипломмен марапатталды.  қазіргі уақыта аудандық халық театрының драма үйірмесінің  құрамында   58 адам бар, оның  ішінде үлкендер саны 27-і қатысушы бар.

«Ақсу-Аюлы» халық театрының режиссеры – Досанова Рыскүл Досанқызы

Iс-шаралар

Меню