Егіндібұлақ
Егіндібұлақ халық театры
Театрдың шымылдығын 1958 жылы Қ. Аманжоловтың «Аңқау Жүсіп» пьесасымен ашқан шағын үйірме құрамын жеті-сегіз адамнан құрады. Олардың арасында жұмысшы жастар, әр түрлі мамандық иелері болды. Сол кездегі үйірме жетекшісі Шахман Мағазов, мүшелері Мұратбек Ахметбеков, Төлеуқадыр Нысанов, Иманқұл Жиенбаев, Қабыкен Жотабаев, Мапура Жалелова, Күлшира Машрапова, Ғаббас Жасымбековтер еді.
1960-1971 жылдары түрлі ойын сауық кештерімен бірге үлкен драмалық шығармаларды – Ә. Әбішбаевтың « Жалғыз ағаш орман емес», М. Иманжановтың «Сөнген шала»,С. Торайғыровтың «Қамар сұлу», Ш. Құсайыновтың «Күншілдік» пьесасын сахнаға шығарып, құрамына ауыл өнерпаздары Совет Досжанов, Нұрбану Быхина, Майра Сембаева, Айтжан Сәрсенова, Рая Жүнісбекова, Жетбісбай Әлин, Қабдықұмар Кәріпбеков, Рымкеш Мұқашева және осы жылдары мәдениет бөлімін басқарған, қабілетті ұымдастырушы, актер Ұзақбай Мұқашев және тағы басқа талантты дарынды жастар қосылды. Бұл жылдары драма үйірмесі Қазақстанның құрылуының 40 жылдығына орай 1960 жылы облыстық мәдениет басқармасының Құрмет Грамотасымен марапатталды. 1966 жылы драма үйірмесінің жетекшісі Шахман Мағазов Ұлы Октябрь революциясының 50 жылдық мерекесінде Мақтау қағазымен марапатталды.
1973 жылы Аудандық Мәдениет бөлімін басқарған, білімді әрі білікті басшы Орынбек Жәкешов, қоюшы режиссер Шахман Мағазов, өнер көрсетіп жүрген бір топ жас Төлеш Шодыров, Шынар Қабыкенов, Рысты Айтбақаева, Бәтіш Кәріпжанова, Шолпан Шодырова, Ғалияш Құсайынова, Сағат Рахметов, Сиязбек Рахымов, Мұқатай Ұсайынов «Халық театры» атағын жеңіп алу мүмкіндігіне ие болды.
Бұл байқауға Қ. Шаңғытбаев пен Қ. Байсейітовтың «Беу қыздар-ай» спектакілі дайындалып қойылды.Осы жолы республикалық халық творчествосы үйінің ғылыми қызметкері, драматург Тұршабай Жағыпаров басқарған қазылар алқасы өте жоғары бағалап, өнер ұжымына Республикалық байқаудың лауреаты және «Халық театры» деген жоғары атақ берді.
1980 жылы Ш. Айтматовтың «Алғашқы мұғалім» қойылымымен театр өз атағын қорғады. Театр артистері С. Рахметов, Шолпан Шодырова, Шынар Қабыкенов, Рысты Айтбақаева, Өмірбек Әубәкіров, Нұрғазы Үсенов, Қабдіқұмар Кәріпбековтер халық творчествосы көркем өнерпаздарының Бүкілодақтық фестивалінің лауреаттары атанды. 1981-1993 жылдар аралығындағы театр ұжымының мәртебесін білікті маман режиссер Баянғали Қабжаппаров, театрдың суретшілері Серік Мағазов, Жәйлан Темірғалиевтер шығармашылық табысты көтерді. Ұлы Отан соғысының 40 жылдығына арнап С. Жүнісовтың «Жаралы гүлдер» пьесасы қойылып театр ұжымы бұрыңғы КСРО Жазушылар одағының дипломымен марапатталды. Осы жылдары театр өз атағын Д. Исабековтің «Әпке», Т. Нұрмағанбетовтің «Табалдырығыңа табын» қойылымдарымен қорғады.
Халық театры 2003 жылы халықтық атағы бар ұжымдар арасында болған облыстық байқауда Ә.Оразбековтың «Бір түп алма ағашы» драмасымен дипломант атанып, 3-дәрежелі дипломмен марапатталды. Режиссеры Қ.Имекеев, суретшісі Т.Қойшығарин.
2007 жылы өз атағын Т. Н ұ р м а ғ а н б е т о в т ы ң «Табалдырығыңа табын» драмасымен қорғап,облыстық байқауда «Ең үздік спектакль» атағын жеңіп алды және 1-дәрежелі дипломмен марапатталды.
Номинациялар бойынша «Эпизодтық рөльді» Төлеген Қойшығарин, «Үздік ер адам рөлін» Қанат Құдайбергенов, «Үздік әйел рөльін» Шолпан Шодыровалар иеленді.Режиссеры Қ.Имекеев, суретшісі Т.Қойшығарин.
Кезекті Халықтық ұжымдар арасындағы байқауда С.Жүнісовтың «Заманай» трагедиясын сахналап өз атағын қорғды.
2016 жыл 26 сәуір күні Егіндібұлақ халық театры кезекті есеп беру концертін Қарағанды облысының халықтық үлгілі өнерпаздар ұжымдарына бекітілген арнайы комиссия мүшелеріне қойып өте жақсы деген бағамен өздерінің «Халықтық» атақтарын қорғады.
2018 жылдың сәуір айында Қарқаралы ауданында өткен «Театр-тал бесігім» атты театр айлығына Т.Нұрмағанбетовтың «Табалдырығыңа табын» атты драмасын Қарқаралы жұртшылығына ұсынылып, өте жоғары дәрежеде қойылды.
Жетекшісі: Имекеев Арғын
Тәттімбет атындағы халықтық ұлт аспаптар оркестрі және «Балқантау сазы» фольклорлық ансамблі мен өнерпаз ардагерлердің «Замандастар» клубы
Тәттімбет атындағы халықтық ұлт аспаптар оркестрі және «Балқантау сазы» фольклорлық ансамблі мен өнерпаз ардагерлердің «Замандастар» клубы.
«Халықтық» атағы бар Егіндібұлақ ауылының Тәттімбет ұлт-аспаптар оркестрі және жанынан құрылған «Балқантау сазы», «Мұрагер» домбырашылар ансамблі мәдени шараларды, концерттік бағдарламаларын ұсынуда, халықтың көңілінен шығып, қалтықсыз ізденіс үстінде жұмыс жасап келеді.
Замандастар клубы Қарағанды облысы бойынша ұйымдастырылған 1989 жылғы Наурыз мейрамына қатысып, ардагерлер ұжымы арасында бірінші болып Москва телевидениесіне түсті.
Ұлы Жеңіс күні қарсанында жыл сайын өтетін «Ардагерлер ән шырқайды» атты фестивальға үзбей қатысып келеді. Бүгінгі күнде құрамынды 30 мүше бар.
Тәттімбет ауылдық халық театры
1979 жылы клуб меңгерушісі Қаршыға Бейсембаеваның ұйымдастыруымен О.Бодықовтың «Қанжар мен домбыра» спектаклі, 1992 жылы Баянғали Қапжаппаровтың дайындауымен Ш,Аймановтың «Алғашқы мұғалім» спектаклімен «Халық театры» атағын алды.
Қарағайлы
Мақат Рымжанов атындағы «Абыз» халық театры
Қарағайлы мәдениет үйіне Абыз халық театры қарайды. Театр 60ж драма үйірме негізінде ұйымдастырылған. Қазіргі таңда жыл сайын жаңа қойылымдар қойып отырады. 2018 жылы Облыстық С.Сейфуллин атындағы театрда Сматаевтың «Шырғалаң» қойылымын халыққа ұсынды.
Жетекшісі: Мукашева Бану Даутановна-7 жылдан астам қызмет жасап келеді. Осы жұмыс уақытында өзін тек жақсы жағынан көрсете білді. Өз жұмысына өте тиянақты, ұқыпты. Қойылымға дайындық кезінде әріптестерімен тез тіл табысып, толық түсініседі. Әріптестерінің ортасында сыйлы, қадірлі.
Қарқаралы
Атығай Шанин атындағы халықтық драма театры
Театрдың ірге тасы 1935 жылы қаланған.
1960 жылы 27 желтоқсан күні театрға Қазақ ССР мәдениет министрлігі коллегиясының қаулысымен «Қарқаралы халық театры» атағы берілді.
Қарқаралы халық театрының ірге тасын қалаушы, алғашқы режиссер А.Шаниннің 90 жылдығына орай «Атығай Шанин атын Қарқаралы халық театрына беру туралы» Қарқаралы ауданы әкімінің №363 шешімі қабылданып, 2005 жылдың 14 шілдесінде Қарқаралы аудандық мәслихаты ұсынуымен Қарқаралы халық театрына Атығай Шанин аты берілді.
А.Шанин атындағы бұл ұжым халық алдында үлкен беделге ие болып, «Қыз Жібек», «Қамар сұлу», «Ажар мен ажал», «Қос анар», «Жалғыз ағаш орман емес», «Беу, қыздар-ай», «Той боларда», «Шұға», «Қызыл сұңқарлар», «Жау тылындағы бала» О.Бокеев, «Біз де ғашық болғанбыз» С.Балғабаев, «Досымның үйленуі» Қ.Аманжолов, «Махаббат қызық мол жылдар» А.Нуршайыков, «Мұхиденнің тағдыры» Ж.Артыкбаев , «Қанат талды» Д.Рамазан және тағы басқа да көп туындыларды сахнаға шығарды.
Атығай Шанин атындағы халық театр көптеген аудандық, облыстық байқаулардың жүлдегері.
2019 жылдың 7 маусым күні Қарағанды облысының С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына орай Қарағанды облысының көркемөнерпаздар театр ұжымдары арасында өткен байқау –конкурсының қорытындысы бойынша Қарқаралы қаласының Атығай Шанин атындағы халық театры бас жүлдені қанжығасына байлады. Барлық жүлдегерлерге облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қаржылай сыйақысы табыс етілді.
Жетекшісі: Арайлым Құттыбайқызы – дарынды, шығармашыл маман.
Құснидтенова Арайлым 2008 жылы Нұркен Әбдіров атындағы № 10 орта мектепті аяқтаған соң, Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжіне,
Мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру режиссері мамандығына оқуға түседі. Оны 2011 жылы үздік дипломмен бітіріп, сол жылы «Қарқаралы мәдени-сауық орталығында» еңбек жолын бастайды. Жастар мен жасөспірімдер әдіскері боп, түрлі мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастырып, жұмыс атқарды. Сол белсенділігі мен халық шығармашылығын дамытуға үлес қосқаны үшін Қарқаралы ауданының әкімінің алғыс хатымен және Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының дипломымен марапатталды.
2020 жылдан бастап Атығай Шанин атындағы халық театрының режиссері боп тағайындалды
«Қайран жастық» халықтық ардагерлер ансамблі
«Қайран жастық» ардагерлер хор ұжымы 1993 жылы құрылған.
2011 жылы «Халықтық» атағы берілді.
Ұжым жыл сайын 9 мамыр Жеңіс күніне орай өткізілетін облыстық «Ардагерлер ән салады» атты фестивальге қатысады.
«Ауылым – алтын бесігім» атты мерекелік концерттік бағдарламасымен Павлодар облысының Баянауыл ауданында және Қарқаралы ауданының ауылдарына гастрольдік сапармен барып, өнер көрсетті.
«Қайран жастық» ардагерлер хор ұжымы барлық аудандық шараларға үнемі атсалысып, халық мұрасын сақтап, болашақ ұрпаққа эстетикалық тәрбие беріп, өнерлерімен көрермен қауымның ықыласына бөленіп жүр.
Жетекшісі: Сыздыков Темірбек «Қайран жастық» ардагерлер хор ұжымы мен халықтық «Салтанат» ән би ансамблінің хор ұжымымен жұмыс жасап, өзінің биік кәсіптік денгейін және шығармашылық нәтижелерді көрсетуде.
Оның жетекшілігімен «Қайран жастық» хор ұжымы «Варшавские напевы» байқауында лауреат атанды. Хор ұжымының репертуарында қазақ, орыс халық әндері, классика әндер де бар. Хор ұжымымен жұмыс кезінде А.Стрельникова, в. Емельянов әдістері мен жүйелерін қолданады.
Мәдениеттің дамуына үлес қосқаны үшін «Мәдениет саласының үздігі» атағын алды; «Қ.Аманжоловтың 100ж», «ҚР Тәуелсіздігінің 25ж» төс белгілері және «Құрметті үздік мұғалім», «Педагогика саласының үздігі» марапаттары бар.
Халықтық «Салтанат» ән-би ансамблі
«Салтанат» ән-би ансамблі 1969 жылы құрылып 1975 жылы «халықтық» атағы берілді.
«Салтанат» ансамблінің өміріндегі ең зор оқиғаның бірі, оның 1976 жылы Францияда өткен ХІХ Халықаралық фольклорлық фестивальге қатысып, жүлделі орын алып қайтқаны. Осы өнер коллективінің тарихындағы ерекше беттерінің бірі 1982 жылы Герман Демократиялық Республикасына барған сапары болып табылады. Осы сапарлардың бәрінде «Салтанат» ансамблі бүгінгі өрелі қазақ әндерін, халық өнерінің небір тамаша інжу маржандарын, қала берді Қарқаралы даласының дәстүрлі салттары мен ән жырларын шетел жұртшылығы алдында көркемдік нақышпен насихаттап, үлкен еңбек етті. Осы өнер эстафетасы одан әрі жалғаса беруде.
Осындай жаңа бағдарламаның бірімен «Салтанат» ән-би ансамблінің туысқан Түркмения және Қарақалпақстан Республикасына барып қайтты. Сондай-ақ «Салтанат» ән-би ансамблі 2000 жылы Болгария мемлекетіне сапар шегіп, халықаралық «Бургас-2000» фестиваліне қатысып қайтты. «Бургас-2000» фестивалінде «Салтанат» ән-би ансамблі қазақ халқының дәстүрлі салттары мен ән-жырларын шетел жұртшылығы алдында паш етіп, «Лауреат» атанып келді.
2003 жылы Ресейдегі Қазақстан жылына орай Қорған қаласына барып қайтты. Ансабль сондай-ақ Астанада өткен Қарағанды күндеріне барып Астана халқының қошеметіне бөленді.
Жыл сайын Қарағанды қаласында өтетін облыстық «Ауыл – Береке» ауылшауашылық жәрменкесіне ансамбль арнаулы бағдарламамен қатысады.
2015 жылы «Салтанат» ән –би ансамблі гастрольдық сапармен Баянауыл өңіріне барып қайтты.
«Салтанат» ән-би ансамблі тәрбие мен ұлағаттық үлгісінің жаршысы. Әрбір сахнаға шыққан туынды көрерменге ой салып, онын жан дүниесіне рухани азық беріп, көңіліне нұр құйып, сәулелендіріп отырады.
Ансамбльдің мақсаты – халқымыздың төл өнері мен ұлттық мәдениетін сақтап қалу, халықтың рухани байлығын дамыту, жастардын ұлттық сана сезімін қалыптастыру, ауылдың мәдениетін көтеру, рухани байлығын жетілдіру, жастарға заманымызға сай тәрбиелелік мәдени шаралар үйымдастыру.
Ансамбль өнер эстафетасын құлатпай, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыруда.
Жетекшісі: Мукашева Жанар Аманжолқызы 2013 жылдан бастап Халықтық «Салтанат» ән-би ансамблінің ұлт аспаптар оркестрінің жетекшісі боп жұмыс атқарады. Кәсіптік білімі бар: 2007ж. Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжін тамамдады. 2018 ж. Павлодар қаласындағы мемлекеттік университеттен білім алды.
Жанара Аманжолқызы жұмысына жауапкешілікпен қарайды, оркестрдің репертуарын дайындап, оркестр қатысушыларының дайындығын қадағалап, үнемі шығармашылық ізденіспен, ұжымды басқарады. Жанара Аманжоловнаның басқаруымен ансамбль көптеген аудандық, облыстық мәдени-көпшілік шараларға белсене қатысты. Шығармашылық үлесі үшін түрлі алғыс хат пен дипломдармен марапаталды. 2019 жылы Қарқаралы ауданы әкімінің «Мәдениет саласының үздігі» номинациясы бойынша марапат алды.
«Аңыз» үлгілі хореографиялық ансамблі
«Аңыз» ансамблі 1993 жылдың қыркүйек айында құрылған.
Үлгі тұтарлық хореографиялық ансамбль «Аңыз» Қарқаралы рұхани өмірі тарихында жаңа көркемдік құбылыс болып табылады. Өнері ғасырлар қойнауымен астасып жатқан халқымыздың тума салт-дәстүрі мен мәдени мұрасынан бастау алған. 45 қатысушыдан құрылған ансамбль бүгінгі күні 100 ден аса қатысушысы бар, 5 топқа бөлінген, жұмасына 3 рет би өнерінің сабақтары өтеді. Ансамбльдің орындауындағы ұлттық сипаттағы қазақ, орыс, кәріс билері халықтардың өмірі, тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы өмірге көз қарасы туралы тартымды көрініс береді. Ансамбль құрылған жылдан бастап түрлі аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық байқаулар мен фестивальдерге қатысып, жүлдегер атанды.
«Сарыарқаның жұлдызды шапағы» атты облыстық байқауында І дәрежелі Лауреат атанды, «Жаңа есімдер» байқауында бірнеше рет Бас жүлдені алды. 2019 жылдың желтоқсан айында өткен «STAR LINE» байқауында І дәрежілі лауреат атанды. Осындай жетістіктері бар ұжыммен мақтанамыз.
«Аңыз» ансамбілі билері көрермендердің жадында мәңгі сақталады!
Жетекшісі: Иргебаева Лэйля Төлеуқызы – дарынды жетекші. Лэйля Төлеуқызы бидің білімі мен дағдыларын меңгеруге көмектесетін терең білім мен тәжірибені меңгерген. Оның әдістемесінде эстетикалық және музыкалық талғамды, ырғақты, пластиканы, әртістікті, киім мәдениетін дамытудың жақсы нәтижелерін алу үшін қажеттінің бәрі үйлеседі.
Ләйлә Төлеуқызы бала кезінен «Салтанат» халық ән-би ансамблінің құрамында қатысты. Ансамбльмен 1995 жылы Түркияда, 2000 жылы Болгарияда өнер көрсетті. 1995 жылы Қарқаралы қаласының №2 орта мектебі жанынан құрылған «Аңыз» ансамбліне басшылық ете бастады.
Лэйля Төлеуқызының тәрбиеленушілері қалада өткізілетін мерекелер мен түрлі іс-шараларға, сондай-ақ әр түрлі аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық фестиваль-конкурстарға белсенді қатысып, жүлдегерлер атанды. Жас орындаушылардың әсерлі қозғалыстары, көзінің ұшқыны, күлімсіреуі, әртістігі, эмоционалдылығы ешкімді бей-жай қалдырмайды.
Ләйлә Төлеуқызының атқарған жұмыстары үшін 2001, 2015, 2016 жж. – ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталды.
2018ж – «Жыл хореографы» номинациясы бойынша Қарағанды облысының әкімінің сыйлығымен марапатталды.