«Алақай» хореографиялық үлгілі би ансамблі
«Алақай» хореографиялық үлгілі би ансамблі 2000 жылы балалар өнер мектебі бөлімінде Бараковска Н.В бастамасымен құрылды. 2008 жылы ансамбль Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайы құрамынан «үлгілі» ансамбль атағын қорғап, сол жылдан бастап «Алақай» үлгілі би ансамблі атанды. Ұжым үлкен, орта, кіші топтардан тұрады. Құрамында 100-ден аса қатысушысы бар. әр топта өз хореографы бар. Репертуарларында қазақ ұлттық биінен бастап түрлі жанрдағы би үлгілері бар. ұжым облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары.
- Лауреат II дәрежелі VII Халықаралық «Ақ көгершін» байқауы. Астана – 2013г.
- Лауреат І дәрежелі X Халықаралық «Күншуақ» байқауы, Алматы – 2013 г.
- Лауреат II дәрежелі VI Республикалық «Как не любить мне эту землю» фестивалінде, Астана- 2013г.
- Лауреат I дәрежелі IX Республикалық «Күншуақ»байқауында , Алматы – 2013г.
- Лауреат I дәрежелі VIII Халықаралық конкурс «Под небом Парижа», Париж – 2014г.
- Лауреат I дәрежелі XI Бүкілресейлік халықтық фестивальде – конкурса , «Великая Россия», Сочи – 2014 г.
- Лауреат II дәрежелі конкурста «Там, где праздник», Испания Ллорет де Мар – 2014 г.
8.Диплом II дәрежелі Халықаралық фестиваль – конкурста, г..Алматы – 2016г.
«Импульс» эстрадалық үлгілі хореографиялық би ансамблі
«Импульс» эстрадалық үлгілі хореографиялық би ансамблі – 1984 жылы би үйірмесі болып Весовая кентінде құрылған. 2000 жылы үлгі хореграфиялық ансамблі атағын қорғады. Ансамбль құрамында әр түрлі жас ерекшелігіндегі 72 қыз бала қатысады. Ансамблі репертуары халықтық, эстрадалық би, әр жанырдағы билер билейді. «Импульс» би тобы қалалық іс – шараларға ат салысуда, және қалалық, обылыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары.
«Импульс» үлгілі би ұжымы мәдени ісшараларға белсене қатысуымен қатар көптеген би ұжымдары байқаулырына қатысуда. 2012 жылы Қарағанды қаласында өткен «Жаңа есімдер» байқауының номинанты атанды. Сонымен қатар қаламызда жоғары деңгейде өткізілетін іс шаралардың хореографиялық қоюшысы. Қазақмыс корпорациясы жұмыскерлерінің ХІІІ спартакиадасының хореографы, қойылым қоюшысы. Сәтбаев қаласы күніне, Кеншілер күніне, Металлургтер мен байытушылар күніне, Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған салтанатты іс-шаралардың белсенді қатысушысы және ұйымдастырушыларының бірі. Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғандығына 20 жыл толуына орай ұйымдастырылған іс-шараларға қатысқан.
Жетекшісі: Суркова Татьяна Ивановна 1964 жылғы
1 мамыр күні Целиноград облысында туған.
1981 жылы Целиноградтағы орта мектепті бітірген соң байланыс колледжіне түсіп, оны қызыл дипломмен тәмамдаған. Колледжде оқыған жылдары Тың көтерушілер сарайының би үйірмесіне белсенді қатысып, ансамбль солисті болған.
1985 жылы Жезқазған мәдени-ағарту училищесінің халық биі бөлімін бітірген соң теміржолшылар клубына жұмысқа қабылданған.
2010 жылдың қазан айынан бастап Қазақмыс Корпорациясының «Жастар» спорт сарайында спорттық би нұсқаушысы болып жұмыс істейді.
2013 жылы Қарағанды облысы мәдениет басқармасының «Жыл хореографы» номинациясын иеленді.
Суркова Татьяна Ивановна жан-жақты тұлға, өз ісінің маманы, алға қойылған мақсатқа жету жолында аянбай жұмыс істейді. Өз тәрбиеленушілерін биге үйретіп қана қоймай, олардың жан-жақты тұлға ретінде дамуына үлес қосып келеді.
Қалалық іс-шараларға белсенді қатысады, дайындаған билері көрермен көзайымына айналған. Өз ісіне жауапты маман. «Нұр Отан» ХДП мүшесі.
Халықтық ардагерлер хоры «Самоцветы»
Самоцветы» халықтық ардагерлер хоры 1983 жылы Весовая елді мекенінде «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС «Железнодорожников» клубы қарамағында «Жексенбінің клубы» атымен құрылған. Алғашқы ұйымдастырушысы Хайруллина Вера Александровна. 1984 жылдың 23 ақпанын хордың туылған күні болып саналады. Бұл күні әйелдер алғаш рет концерттік бағдарламада өнер көрсетті. Аз уақыт ішінде хор жоғары дәрежеде барлық клубта болатын іс-шараларға қатысты. Сол бастамадан кейін бүгінде халықтық хор атағын алған «Самоцветы» содан бергі 16 жыл ішінде бүкілкеңестік фестивальдерде лауреат атанып, облыстық дәстүрлі түрде өтетін «Голос Байконура» фестивалінің тұрақты қатысушыларына айналды.
2000 жылдардан қазіргі таңға дейін ұжым концерттік бағдарламасымен Қырым, Бурабай, Қарағанды, Ақсу-Аюлы, Топар, Теміртау, Бұқар жырау, т.б. ірілі-ұсақты аудан-қалаларда өз өнерлерін паш етті.
Ұжым қаланың барлық дерлік айтулы шараларына белсене ат салысып өз өнерлерін халықтан еш аяған емес.
Ұжым облыстық «Поют ветераны» байқауына белсене қатысып, марапатталған.
Қазіргі таңда жетекшісі- Малова Павела Валентинович.
1987 жыл – халық шығармашылығының Бүкілодақ фестивалінің лауреаты.
1988-1990жж – Лауреат областного фестиваля « Голос Байконура», лауреат первого фестиваля самодеятельного творчества народов Казахстана.
2000ж – Жезқазған қаласының «Дидар» телеарнасының телемарофонының қатысушысы.
2004г – Қазақстандағы Ресей жылының тойлануына байланысты өткен мерекелік концерттік бағдарламалардың қатысушысы.
2005ж – Украинадағы «Лучезарный» және «Московский» санаторийлерінде шеберлігін көрсетті.
2008ж бастап – Теміртау, Бұқар жырау ауданында, Қарағанды, Шахтинск, Абай ауданындағы Топар кентінде, Қарқаралы қаласында «Ардагерлер ән салады» атты фестивалдерінің қатысушылары.
2012ж – «Виват Казахстан» екінші аудандық фестивалінің жүлдегері.
2014ж – Жезқазған қаласының 60 жылдық мерейтойына арналған концерттік бағдарламаның қатысушылары.
Хор көптеген алғыс хаттармен грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталған.
Жетекшісі: Павел Валентинович 1957 жылы 14 сәуірде Қарағанды облысы Жезқазған кентінде дүниеге келген. Весовая кентіндегі №12 орта мектепте білім алған. Баян ойнауға деген қызығушылығы сонеау бала шақтан пайда болған. 12 жасында музыкалықмекктепке барып, 3 музыкалық сыныпты тәмамдаған.
1978 жылы Тәттімбет атындағы Қарағанды музыкалық училищесін «Баян» сыныбы бойынша аяқтап, балалар өнер мектебінде жұмыс жасады. 1984 жылы Жезқазған педагогикалық институтын физика және математика мамандығы бойынша бітірген.
Ұстаздықпен қатар Кеншілер сарайында да жұмыс атқарған. Қазіргі кезге дейін Сәтбаев қаласындағы «Ш.Ділдебаев атындағы мәдениет және шығармашылық орталығы» да «Самоцветы» халықтық ардагерлер хорының жетекшісі болып кызмет атқарады.