Народные коллективы г. Балхаш OLD (kk translation)

«Живая память» халықтық ардагерлер хоры

Хор 1987 жылы Балқаштың мәдени қайраткері В.К.Морозовтың бастамасымен құрылды. 1989 жылы ол «Тірі жад» деп аталды. Оның алғашқы жетекшісі Васев Александр Анисимович болды. 1998 жылы Т.В. Корнилованың жетекшілігімен облыстық «Сарыарқа ауендері» халықтық өнер фестивалі «Халықтық» атағын алды.

Репертуарында 150-ден астам соғыс жылдарындағы әндер, кеңестік және Қазақстандық композиторлар, авторлық, халық әндері, романстар бар. Хормен орындалатын әндер көрермендердің жүрегінен орын табуда. Бүгінде хорда 24 ардагер өнерге, өмірге деген құштарлықпен еңбек етіп, ізденіс үстінде.

Арадегерлер арасында бұрынғы дәрігерлер, мұғалімдер, мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, түрлі өндірістік мамандықтардың өкілдері бар. Жас шамасына қарамастан, олар өздерінің шығармашылық әлеуетін іс-шараларда айқын көрсете отырып, толық көлемде іске асырады. Ұжым бірнеше рет дипломдармен, құрмет грамоталарымен марапатталды. Барлық қалалық фестивальдерге, байқауларға, мерекелерге белсене қатысады. Жыл сайын «Ардагерлер ән салады» облыстық фестиваліне қатысады.

Қәзіргі таңда хор жетекшісі Наталья Максимовна Кучапина.


М. Хамзин атындағы мәдениет сарайының «ВЕТЕРОК» үлгілі хореографиялық би ансамблі

Балқаш қаласының М.Хамзин атындағы мәдениет сарайының «Ветерок» үлгілі хореографиялық би ансамблі 1962 жылы құрылған. Ансамбльді құрып басшылық жасаған Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қайраткері – Людмила Леонтьевна  Струсинская болды.  2010 жылдан бастап «Ветерок» үлгілі би хореографиялық ансамбіліне Анна Кан басшылық етті.

«Ветерок» үлгілі хореографиялық би ансамблі көптеген облыстық, Республикалық фестивальдердің лауреаты, сонымен қатар «Творчество юных» (Москва-1970 ж.), «Голос Байконура» (Жезказган -1988 ж.), «Звездная радуга Сарыарки» (Қарағанды – 1988 ж.), 1989 ж.-Днепропетровск қаласында (Украина) өткен одақ хореографиялық ұжымдар фестивальдеріне,  1972 жылы Алматы қаласында өткен «Халықтар достығы» атты Республикалық фестиваліне қатысқан. 1978 жылы Алматыда  өткен Республикалық  ауылшаруашылық жетістіктері көрмесінің «Мы твои, революция, дети» телевизиялық фестивалінің лауреаты. Халықаралық  «Шаттық» фестивалі (Астана, 2009 ж.), Республикалық «Ақ көгершін» фестивалдеріне қатысқан (Астана, 2010).

1988 жылы ансамбль Қазақ ССР-нің Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталды, 1997 жылы Астана қаласының халықаралық тұсаукесер тойына қатысу құрметіне ие болды.

Қазіргі таңда 2018 жылдан бастап «Ветерок» үлгілі хореографиялық би ансамбліне Динара Абдрахманова жетекшілік етеді.  Өзінің сахналық принциптерін өзгерпей репертуарларын көбейтіп өз қойылымдарын жаңа нұсқада, жаңа жанрда жасап жатыр. Динара Саламатқызының басшылығымен «Ветерок» үлгілі хореографиялық би ансамблі 2018 жылы Қарағанды қаласында  Евразиялық Солтүстік-Шығыс чемпионатына қатысты сондай – ақ облыстық фестивальде «Би әлемі» (Қарағанды қаласы-2018ж), Республикалық балалар фестивалінің ашылуында жасөспірімдер мен жастар шығармашылығының «Жайна талант» (Балхаш қаласы – 2018ж), Халықаралық өнер, би, спорт байқауында «Brand Prix-2018» (Қарағанды қаласы-2018ж), Республикалық балалар жасөспірімдер мен жастар шығармашылығы байқауында «Қысқы  тамшылар» (Балқаш-қаласы 2018), Республикалық көп жанрлы байқауы «Жұлдыздар – 2019ж» (Қарағанды 2019ж). Осы аталған байқауларда «Ветерок» хореографиялық би ансамблі «Бас жүлде», кубоктар, 1-2 орындар иеленіп, сондай-ақ қазылар алқасымен көрермендерге кәсіби деңгейде танылып жүр. 2019 жылы қаңтар айында «Ветерок» хореографиялық би ансамьбліне «Струсинскилер» атағын берді. Бүгінгі күні  «Ветерок» хореографиялық би ансамблі қаладағы ең үлкен көркемөнерпаздар ұжымы болып саналады,  құрамында 200-ден астам   4 жас пен  18 жасқа дейінгі  балалар  бар. Шығармашылық жұмыста шәкірттердің  оқуымен қатар, тәрбиесіне де көңіл бөледі.  Жасөспірімдер би әлемімен ғана шектелмейді, сонымен қатар достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиеленеді, алдарына қойылған мақсатқа жетуді көздей алады.

Ұжым репертуарында әлем халықтарының билері, қазіргі заманғы және балалар биі, хореографиялық композициялар бар.

2019 жылдың 24 сәуір айында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері Иван Михайлович пен Людмила Леонтьевна Струсинскийлердің атындағы «Ветерок» хореографиялық би ансамблі «Үлгілі» атағын қорғады.

М. Хамзин атындағы  мәдениет сарайының «ВЕТЕРОК»   үлгілі хореографиялық би ансамблінің жетекшісі – Абдрахманова Динара Саламатқызы

1992 қараша айының 17 жұлдызында дүниеге келген. Қазіргі таңда Струсинскийлер атындағы «Ветерок» хореографиялық үлгілі би ансамблінің бас балетмейстері.

Динара Саламатқызы қалалық шараларға белсене атсалысқаны және Балқаш қаласы күніне үлкен үлес қосқаны, жоғары шеберлігі үшін бірнеше рет қала әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды; «Жұлдыздар – 2019» Республикалық көпжанрлы байқауында алғыс хаттармен марапатталды. «Қысқы тамшылар» атты балалар, жасөспірімдер және жастар шығармашылығының Республикалық фестивалінде педагогикалық шеберлігі үшін дипломмен марапатталды. 2018 жылы Балқаш қаласының әкімінің «Мәдениет мәртебесі» атағын алды. Сонымен қатар, Динара Саламатқызының Струсинкийлер атындағы «Ветерок»  үлгілі – хореографиялық би ансамблінің ұжымы республикалық және облыстық фестивальдерде бірнеше рет бас жүлде, 1-орындарды иеленді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Абдрахманова Динара Саламатовна балетмейстер Главный Образцового хореографического –  ансамбля «Ветерок» имени Струсинских 17.11.1992 года рождения.

С января 2014 года работает хореографом танцевального ансамбля «Арабеск». На данный момент занимает должность главного балетмейстера Образцово хореографического ансамбля «Ветерок» им.Струсинских. Проводит занятия, обучает основам хореографии, готовит танцевальные программы, подбирает репертуар, проводит групповые и индивидуальные репетиции. Учит основам хореографии, ритмики и пластике танца. Обеспечивает совершенство исполнения, а также рост исполнительского мастерства. Участвует во всех культурно-массовых мероприятиях. Учит и готовит конкурсантов к региональным и областным конкурсам, фестивалям.

Динара Саламатовна за отработонное время в КГКП «Культурно-досуговый центр города Балхаш» неоднократно награждалась благодарственными письмами за большой вклад и высокое мастерство ко дню города Балхаш; в республиканском многожанровом конкурсе «Жұлдыздар-2019». Награждалась дипломом за педагогического мастерство в республиканском фестиваль-конкурсе детского, юношеского и молодежного творчества «Қысқы тамшылар». 2018 году получила «Статус культуры» от акима города Балхаш А.Аглиулина. А так же за время работы Динары Саламатовны, коллектив образцово-хореографического ансамбля «Ветерок» им.Струсинских в областных и республиканских фестивалах неоднократно занимали 1-место и Гран-При.

24 апреля 2019 года был успешно проведен концерт ансамбля на подтверждение звания «Образцовый».

К работе относится с полной ответственностью и отдачей. Обладает высокой работоспособностью. В общении с коллегами и сторонними лицами вежлива и тактична, ей присуще чувство ответственности за порученное дело. В отношениях с коллегами корректна и благожелательна. В коллективе пользуется авторитетом и доверием.

Iс-шаралар

Меню