Ақтоғай ауданының «Сарыжайлау» халықтық ұлт-аспаптар ансамблі
«Сарыжайлау» халықтық ұлт-аспаптар ансамблінің негізі Қоңырат кеңшары көркемөнерпаздар ұйымы болып 1966 жылы құрылды.
1984 жылы өнер ұжымы сарапшылар алқасы алдында өз өнерін көрсетіп жақсы бағаға ие болып құрметті «халықтық ұлт-аспаптар ансамблі» атағын жеңіп алды.
1985 жылы Ұлы Жеңістің 40 жылдығына арналған аудандық байқауға қатысып жүлделі бірінші орынды иеленді.
1988 жылы Ақтоғай ауданының құрылғанына 60 жыл толуына орай арнайы концерттік бағдарлама берді.
1997 жылы М.Хамзиннің 70 жылдығына арналған «Күй құдіреті» атты концерттік бағдарламамен селолық елді мекендерді аралады.
Сонымен қатар 2003-2005 жылдары ауыл жылына орай «Ауыл кеші көңілді» атты концерттік бағдарламамен елді мекендерді аралады. 2006 жылы Қарағанды облысының 70 жылдығына байланысты «Әнге қосам сені Сарыарқа» атты аудандық байқауда жүлдегер атанды.
2014-2015 жылдары «Күмбірле қоңыр домбыра» атты аудан орталығында есептік концертін беріп үлкен бағаға ие болды.
2016-2019 жылдар аралығында жаңа концерттік бағдарламамен елді мекендерді аралады.
Ақтоғай ауданының «Сарыжайлау» халықтық ұлт-аспаптар ансамблінің жетекшісі – Агисінов Руслан Қайроллаұлы
1987 жылы Ақтоғай ауданы Жидебай с/о Сәуле ауылында дүниеге келген.
2009 жылы Қарағанды қаласы Тәттімбет атындағы колледжді режиссер мамандығына түскен.
2013 жылы Сәуле клуб үйіне «Саржайлау» халықтық ұлт-аспаптар ансамбліне жетекші болып жұмысқа қабылданған.
Ақтоғай ауданының «Тоқырауын толқындары» халықтық ән-би ансамблі
1965 жылы көркемөнерпаздар ұжымы ансамбль болып құрылып, оның аты «Тоқырауын толқындары» болып аталды.
1973 жылы «Тоқырауын толқындары» халықтық ән-би ансамблі болып құрылды.
1970 жылы жаңа Мәдениет үйінің берілуіне байланысты ашылу салтанатына «Жаяу Мұса» спектаклі дайындалып қойылды. «Тоқырауын толқындары» ансамблі жаңа бағдарламамен Мәдениет үйінің кең сахнасында өнер көрсетті.
1971 жылы театр өнеріне режиссер болып Тұңғышбай Мұқанов келіп ансамбль мен театр өнерінің дамуына басшылық жасап, 1973 жылы театр ұжымы «Халықтық» құрметті атағын жеңіп алды. Осындай тынымсыз еңбегін бағалап Тұңғышбай Мұқановқа «Құрмет белгісі» орденін берді.
1975 жылы «Тоқырауын толқыны» ансамблі Ұлы Жеңістің 30 жылдығына 9 майда Москвада өнер көрсетіп сол жылы ансамбльге «Халықтық ансамбль» деген құрметті атақ берілді.
1984 жылы қазан айында Алматы қаласында өткен С.Сейфуллиннің 90 жылдық тойына жолдама алып, Мұхтар Әуезов атындағы академиялық театрда өнер көрсетіп ақын – жазушылардың қошеметіне ие болып қайтты.
1998 жылы Астана қаласының тұсаукесер тойына жолдама алып ансамбль ұжымы өнер көрсетіп қайтты.
Өткен 1999-2000 жылдары Қарағанды шахтерлары мерекелері мен Ақтоғай күні мерекелеріне өнер көрсетіп алғысқа бөленіп қайтты.
2002 жылы Балқаш қаласында өткен Ағыбай батырдың 200 жылдық мерейтойында «Тоқырауын толқыны» халықтық ән-би ансамблі өз өнерін көрермен қауымға паш етті.
Балқаш қаласында өткен дәстүрлі «Ауыл береке-2002-2004» байқауларында да ансамбль өз бигінен көрінді.
Ансамбль құрамында әнші, биші, күйші өнерпаздардан тұратын 70-ке тарта адам бар. Ансамбль бағдарламасын ұлттық өнер төңірегінде құрайды.
Ақтоғай ауданының «Тоқырауын толқындары» халықтық ән-би ансамблінің жетекшісі – Имашев Әлібек Рымханұлы
1971 жылы дүниеге келген. Қарағанды облысы Тәттімбет атындағы музыка училищесін бітірген.
1989-1995 жылдары Қызыларай клуб үйінде көркемдік жетекші қызметін атқарған.
1995-2005 жылдар аралығында Ақтоғай Мәдениет үйінде «Арман» эстрадалық ансамблінің жетекшісі болып қызмет атқарды.
2006-2008 жылдары Балқаш қаласының «Сарыарқа» ансамблінің концертмейстері.
2008 жылдан бастап «Тоқырауын толқындары» халықтық ән-би ансамблінің көркемдік жетекшісі.
Ақтоғай ауданының «Шалқар» халықтық театры
1975 жылы «Шалқар» театры құрылып
1979 жылы «Халық театры» атағын алды.
1979 жылы облыстық байқаудың жүлдегері болып қана қоймай Шымкент қаласында өткен республикалық байқауда бас жүлдені жеңіп алды. «Шалқар» – халық театры 2000-жылдан бастап облыстық байқаудың екі дүркін лауреаты атанып бас бәйгелерді жеңіп алды.
2003 жылы «Шалқар» – халық театры облыстық халық театрлары байқауына қатысқан 28 халықтық ұжымдар арасында бас жүлде LG телевизорымен бейнемагнитофонды иеленді.
Республика бойынша тұңғыш құрылған жалғыз адамдық «Ұят-ай» – сатира театры өзінің құрамын ұлғайтып «Шалқар» – халық театры жанынан қайта құрылды. Бұл «Ұят-ай» – сатира театры кейінгі үш жылдың ішінде облыстық байқауда үш рет жүлделі 1,2 орындарды жеңіп алды.
2004 жылы жүлделі бірінші орынды иеленіп республикалық «Тазша бала» – байқауында «Ұят-ай» – мүшелері лауреат, дипломант және «Судыр Ахмет» – атындағы республикалық жүлдені иеленді.
«Шалқар» – халық театры бұл қол жеткен табыстары мен шектеліп қалмақ емес. Келешекте ел Президентінің стратегиясы мен саясатын басшылыққа ала отырып жұмыс істеп Ақтоғай өнерінің туын жоғары көтере бермек.
Ақтоғай ауданының «Шалқар» халықтық театрының жетекшісі – Күлімжанов Маулен Абдірашұлы
1959 жылы 8 қыркүйекте Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, бұрынғы Шылым, қазіргі Шабанбай би ауылында дүниеге келген.
2006-2017 жылдар аралығында «Шалқар» халық театрында суретші-декоратор болып жұмыс атқарды. 2016 жылдың наурыз айында аудандық маслихаттың депутаты болып сайланды. Ал 2017 жылдан бастап қазіргі таңға дейін «Шалқар» халық театрының режиссеры болып қызмет атқарып келеді.
Қарағанды облыстық мәдениет департаментінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Ақтоғай ауданының «Ақтоғай» халық театры
«Ақтоғай» халық театры 1971 жылы «халықтық» атағын алды. 1975 жылы Ақмола қаласында өткен халық театрының бүкіл одақтық байқауында Ә.Әбішевтің «Найзағай» романы бойынша жергілікті авторлар Т.Мұқанов пен Б.Омашевтың жазған «Найзағай» спектаклін қойып, бүкілодақтық байқаудың лауреаты атанды. 1977-1978 жылдары Республикалық байқаудың лауреаты атанса араға бірнеше жыл салып 1985-1987 жылдары бүкілодақтық байқаудың лауреаты атанды.
Сонымен қатар сол жылы СССР мемлекеттік кіші театрының алтын медалін иемденді. 1998 жылы Қазақстан және Орта Азия театрларының Көкшетау қаласында өткен «Достық дәнекері» фестивалінде Б.Тәжібаевтың «Сал сері қыз қосан» спектаклін қойып, фестивальдің дипломанты болды. 1995 жылы жыр алыбы Жамбылдың 150 жылдық мерейтойына байланысты театрда «Бала Жамбыл –ақын», «Жамбылдың Сүйінбайдан бата алуы», «Жамбыл соғыс жылдарында» деген арнаулы сценарийлер мен көріністер дайындап, облыс орталығында өткен мерейтойында дипломмен марапатталды.
2000 жылы облыстық халық театрлары байқауында және сол жылы мәдениетті қолдау жылына байланысты халық театры Баққожа Мұқанның «Заманқыр» трагедиясымен жүлделі 2-орынды иеленді.
2001-2006 жылдары аралығында С.Болғанбаевтың «Ең әдемі келіншек», Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», Ә.Оразбековтың «Бір түп алма ағашы», М.Әуезовтың «Қаракөз», С.Шәймерденовтың «Дөкей келе жатыр», Т.Ахтановтың «Күтпеген кездесу», О.Бөкейдің «Құлыным менің» спектакльдерін сахналады, режиссерлері Н.Күлшікенов, С.Шайбеков.
2010-2016 жылдар А.Шайбековтың «Сарыарқаның Жидебайы» атты спектаклімен облыстық «Әнім де сен, сәнім де сен Астана» байқауына қатысып үздік бағаға ие болды. М.Мақатаевтың «Қош махаббат» қойылымын халыққа ұсынды. 2019 жылы С.Жүнісовтың «Ажар мен ажал» спектаклін сахналады.
Ақтоғай ауданының «Ақтоғай» халық театрының жетекшісі – Жаканбаев Нұрдәулет Мадениятұлы
1985 жылы Ақтоғай ауданында дүниеге келген. «Ақтоғай» халық театрының режиссеры. Білімі орта, Жезқазған қаласының музыка колледжін тәмәмдаған.
2004 жылдан бері мәдениет саласында қызмет атқарып келеді. Әнші, театрда бірнеше рөлдерді сомдаған.
Ақтоғай ауданының «Балбырауын» халықтық би ансамблі
«Балбырауын» би ансамблі 1980 жылы құрылды. 1988 жылы ансамбль «Халықтық» атағын алды. 1991 жылы Қазақтелерадио арнасының қазақ халқының салт-дәстүрін бейнелейтін «Қыз ұзату, Келін түсіру» фильміне түсті. 1992 жылы Алматыдағы «Балуан Шолақ» атындағы спорт сарайында Қазақстан халықтары форумына қатысып өнер көрсетті.
1993-1995 жылдары Жезқазған қаласында өткен облыстық «Байқоңыр дауысы» және «Ұлытау үні» фестиваліне қатысып құрмет грамотасымен марапатталып, дипломант атанды. 1996 жылы Алматыда өткен Жезқазған облысы мәдени күндеріне қатысты. 1998 жылы Астана қаласының тұсаукесер тойында «Тоқырауын толқыны» халықтық ансамблімен бірігіп үлкен концерттік бағдарлама көрсетті. 1999 жылы Астана қаласында өткен Қарағанды облысының мәдени күндеріне қатысты. 2003 жылы Ресейдің Қорған қаласы күніне өнер сапарымен барды. 2015 жылы Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығында өнер көрсетті.
2017-2018 жылдары Ансамблдің 30 жылдық мерейтойына арнап шығармашылық концерт берді. 2017 жылы Астана қаласында өткен халықаралық ЭКСПО көрмесінде өнер көрсетті.
Ақтоғай ауданының «Балбырауын» халықтық би ансамблінің жетекшісі – Мұратбек Келбет Жанболатқызы
1995 жылы туған. 2017 жылы Қарағанды Болашақ Академиясын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. Білімі жоғары. 2005 жылдан бастап 2017 жылға дейін «Балбырауын» халықтық би ансамблі құрамында өнер көрсетті.