«Болашақтағы мәдени орталықтың үлгісі» атты аймақаралық семинар

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Алматы облыстарының мәдениет саласында тәжірибемен алмасу және іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында 2014 жылдың 14-15 қазан күндері Қарағанды қаласында Павлодар және Қарағанды облыстарының аудандық, қалалық мәдени-сауық ұйымдары басшыларының қатысуымен «Болашақтағы мәдени орталықтың үлгісі» атты аймақаралық семинар өтті. Ұйымдастырушы Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, сонымен қатар облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы болды. .

Семинардың алғашқы күнінің бірінші жартысы С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрының ғиратында өтіп, ол жерде: «Болашақтағы мдени орталықтың үлгісі» макеттер үлгісін таныстырумен іс-тәжірибе алмасу және дөңгелек үстел шарасы, қызметтік ойын, «Заманауи мәдени-сауық орталығының үлгісі» атты интерактивті ойын өткізілді. Түскі астан кейін қонақтар Тұңғыш Президентіміздің Теміртау қаласындағы тарихи-мәдени орталығына, Металлургтер мәдениет сарайына және Қысқы баққа іссапар жүргізді. Семинардың екінші күні Құлайғыр ауылдық мәдениет Үйінің қызметімен, содан кейін Абай аудандық мәдени-сауық орталығымен танысу арқылы бастылды. Абай ауданына оралғаннан кейін семинар Қарағанды қаласын аралаумен жалғасты. Экскурсия біткен соң қонатар Кеншілер мәдениет сарайының қызметімен танысып, соңында семинар қорытындысы жасалды.

Аймақаралық семинарда Павлодар және Қарағанды облыстарының мәдени-сауық ұйымдарының 50-ден аса басшылары қатысты.

Iс-шаралар

Меню