23 августа в здании Дома Дружбы состоялось Награждение победителей областного этапа национального конкурса «Мерейлі отбасы».
Всего в конкурсе приняли участие 315 семей, из которых 26 прошли в финал.
23 тамыз Достық Үйінің ғимаратында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды. Байқауға барлығы 315 отбасы қатысты, оның 26-сы финалға өтті.
Байқаудын барлық финалистеріне диплом, гүл шоқтары мен естелік сыйлық – Қарағанды облысының әкімі – Ермағанбет Қабдұлұлы Бөлекпаевтың құттықтауымен альбом табыс етілді!
Салтанатты марапаттау рәсіміне Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің артистері, С.Сейфуллин атындағы Академиялық, қазақ драма театрының артистері және «Қуаныш» үлгілі хореографиялық ансамблі қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша үшінші орынды екі отбасы, Абай ауданының Клименко отбасы және Қарағанды қаласынан Омашевтар отбасы иеленді.
Екінші орынға Бұқар Жырау ауданы Дакировтар отбасы ие болды.
Бірінші орын Нұра ауданының Отарбаевтар отбасына бұйырды!
Шет ауданының Әміриндер отбасы байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпазы атанды. Әміриндер отбасында 9 бала, 32 немере, 30 шөбере бар. Әмірин Елубай-еңбек және тыл ардагері. Жұбайы Шақтай екеуі 65 жыл бірге өмір сүріп, 9 баланы өмірге әкелді, отбасын тәрбиелеудегі басты адами қасиеттер адалдық пен құрмет.
Әміриндер отбасы Астанада өтетін байқаудың республикалық кезеңінде Қарағанды облысының атынан қатысатын болады.
Әміриндер отбасына байқауда жеңіс тілейміз!