1 сәуір сағат 17:00-де Достық үйінде Күлкі күніне арналған облыстық Мартбек Тоқмырза атындағы «Жымиясың сен неге?» атты әзілкештер фестиваль-байқауы өткізілді.
Фестиваль-байқаудың ұйымдастырушысы облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы.
Жыл сайын фестиваль-байқау құзыретті қазылар алқасының қатысуымен мемлекеттік тілде өтеді.
Фестиваль-байқауға Қарқаралы, Шет, Ақтоғай, Жаңаарқа аудандары мен Теміртау және Қарағанды қалаларынан «Көңілді тапқырлар» (КВН) номинациясына 13 команда және «Әзілге толы әнгіме» (STAND AP) номинациясына 10 жеке орындаушы қатысты.
Қазылар алқасының құрамында:
- Қазақстан КВН одағы Вице президенті, әділ-қазылар алқасының төрағасы – Жомарт Әбіш;
- Қарағанды облыстық «Жайдарман» ойындарының чемпионы, Көңілді тапқырлар алаңының үздік ойыншысы, шоумэн – Заңғар Абилжанов;
- Мартбек Тоқмырзаның шәкірті – Күнтуған Охан.
Қазылар алқасының шешімімен келесі жүлдегерлер анықталды:
- Мартбек Тоқмырза атындағы кубоктың иегері: «Гәйкібастар» әзілкештер тобы (Шет ауданы, Ақадыр кенті).
«Көңілді тапқырлар» номинациясы бойынша:
- I орын – «Қызылқой ауыл құрамасы» (Шет ауданы);
- II орын – «Жаңаарқа құрамасы» (Жаңаарқа ауданы);
- III орын – «Тәттімбет жастар тобы» (Қарқаралы ауданы Тәттімбет ауылы).
«Әзілге толы әнгіме» номинациясы бойынша:
- I орын – Аманолла Шайбеков (Ақтоғай ауданы);
- II орын – Қуандық Қадыров (Қарағанды қаласы);
- III орын – Ерқанат Меней (Теміртау қаласы).
Жүлдегерлерге дипломдар мен ақшалай сертификаттар табыс етілді. Ал қалған қатысушыларға қатысқандары үшін алғыс хаттар табысталды.