Мартбек Тоқмырза атындағы «Жымиясың сен неге?» атты әзілкештер фестиваль-байқауы жайлы АҚПАРАТ

1 сәуір сағат 14:00-де Достық үйінде Күлкі күніне арналған облыстық Мартбек Тоқмырза атындағы «Жымиясың сен неге?» атты әзілкештер фестиваль-байқауы өткізілді.

Фестиваль-байқаудың ұйымдастырушысы: облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы.

Жыл сайын фестиваль-байқау құзыретті қазылар алқасының қатысуымен мемлекеттік тілде өтеді.

Фестиваль-байқауға Ақтоғай, Нұра, Қарқаралы , Шет, Бұқар жырау, аудандарынан, Теміртау және Қарағанды қалаларынан «Көңілді тапқырлар» (КВН) номинациясына 13 команда және «Әзілге толы әнгіме» (STAND AP) номинациясына 12 жеке орындаушы қатысты.

Қазылар алқасының құрамында:

  • Қазақстан КВН одағы Вице президенті, әділ-қазылар алқасының төрағасы – Жомарт Әбіш;
  • Мартбек Тоқмырзаның туған інісі- Болатбек Токмурзин.
  • Қарағанды облыстық «Жайдарман» ойындарының чемпионы, Көңілді тапқырлар алаңының үздік ойыншысы – Заңғар Абилжанов;
  • «Жайдарман» ойындарының Қарағанды облыстық филиалы директоры – Ернат Әбутаев.

Құрметті әділ-қазылар алқасының шешімімен келесі жүлдегерлер анықталды:

Мартбек Тоқмырза атындағы кубок иегері: «Құрдастар» командасы (Қарағанды жоғары политехникалық колледжі)

«Көңілді тапқырлар» номинациясы бойынша:

I орын

 

«Аха-хай» командасы (Қарқаралы ауданы)
II орын

 

«Ерекше» еркін құрамасы (Қарағанды қаласы)
III орын

 

«Хет-трик» командасы (Қарағанды қаласы)

«Әзілге толы әнгіме» номинациясы бойынша:

I орын

 

Қуандық Қадыров (Қарағанды қаласы)
II орын

 

Алдияр Егизов (Қарағанды қаласы)
III орын Нұрбол Шакаримов (Ақтоғай ауданы)

Барлық жүлдегерлерге дипломдар мен ақшалай сертификаттар, қатысушыларға қатысқаны үшін алғыс хаттар табыс етілді.

Iс-шаралар

Меню