«Мәдени-сауық қызметі – жетістік стратегиясы» атты облыстық семинар – практикумы жайлы

2022 жылдың сәуір айының 15 жұлдызында Абай ауданының мәдени-сауық орталығында мәдениет қызметкерлеріне арналған «Мәдени-сауық қызметі – жетістік стратегиясы» атты облыстық семинар – практикумы өтті.

Семинар – практикум басталмас бұрын Қарағанды облысының мәдениет қызметкерлері Ұлы Абай Құнанбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып тағзым етті.

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары – Мекежанұлы Ерлан Нелдібаев мәдениет қызметкерлеріне ізгі тілеген жолдады.

  • «Қарағанды облысының мәдени-сауық мекемелерінің қазіргі замаңғы жағдайындағы мәселелері мен болашағы» тақырыбы бойынша,  Қарағанды облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы – Садвокасова Кагиза Сүлейменовна;
  • «Абай ауданының Мәдениет саласының қызметі мен даму болашағы» тақырыбы бойынша, Абай ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы – Қадыр Тілеуқадырұлы Ашкеев;
  • Абай ауданының мәдени-сауық ұйымдары жұмысының жаңа нысандары мен әдістері тақырыбымен Абай ауданының АМСО басшысының орынбасары – Ерлан Досалыұлы Мейірбеков;

Жұмыс тәжірибесімен алмасу мақсатында:

  • Ұлытау ауданының аудандық мәдени-сауық орталығының басшысы – Купеева Гүлжан Еркеновна;
  • Зағиптар мен нашар көретіндерге арналған облыстық Мәдениет үйінің басшысы – Угланова Полина Михайловна;
  • Жаңаарқа ауданының аудандық мәдени-сауық орталығының басшысы – Исина Айгүл Үмбетжановна баяндандамасын ұсынды.

Қалалық және аудандық МҮ, МСО басшылары мен мәдениет қызметкерлері арасында ОМСжХШҒӘО мәдени-сауық жұмысы бөлімінің меңгерушісі -Нурманбаева Алтынай Касымкановна «Жетістік стратегиясы» атты іскерлік ойының өткізді.

  • МСО, МҮ басшылары үшін «Директорлар кеңесін сайлау, проблемалық мәселелерді талқылау» тақырыбы бойынша ОМСжХШҒӘО басшысының орынбасары – Рахметова Гульнара Жакешовна;
  • Әдіскерлер үшін «Құжаттаманы жүргізуге қойылатын талаптар, статистикалық есептілік» тақырыбы бойынша ОМСжХШҒӘО мониторинг, әдістемелік жұмыс және Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты жүзеге асыру бөлімінің басшысы – Байкенова Назгуль Сагитовна баяндама жасады.

Бұл жиынның модераторы орталықтын мәдени-ұйымдастырушысы Елтай Еркебұлан Өмірсерікұлы болды.

Абай ауданының мәдени-сауық орталығы бойынша, орталықтын әдістемелік бөлімінің басшысы – Мамлютова Галина Геннадьевна  экскурсия жасап, орталықты таныстырды.

Ақтоғай, Бұқар Жырау, Шет аудандары мен Жезқазған қаласы «Болашақ клубтар» және біз оны қалай елестетеміз? – жобалар көрмесін, яғни арнайы дайындалған макеттерді ұсынды.

Семинар – практикумды Абай ауданының мәдени-сауық орталығының өнер ұжымдары мен өнерпаздары «Мәдениет толқындары арқылы теңіз саяхаты» көрсетілім іс-шарасымен қортындылады.

Семинар-практикумға Қарағанды облысына қарасты қалалық және аудандық Мәдениет үйлері мен Мәдени сауық орталықтарының басшылары, мамандары, әдіскерлері, мәдени ұйымдастырушылары қатысты.

Барлық қатысушыларға Абай, Ұлытау мәдениет үйлері мен «Родники» орыс халық әндері хорының жетекшісі С.Волощуктың «Признание в любви земле Казахстана» атты жұмыс тәжірибесін жинақтау бойынша әдістемелік жұмыстар, «Сарыарқаның көшпелі мәдениеті» және «Наурыз мейрамы – 2022» мерекесі облыстық іс-шараларының сценарийі, презентациялық материалы жазылған және видео сілтемелері көрсетілген AU/DVD дискілері табысталды.

Iс-шаралар

Меню