Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған театрландырылған концерттік бағдарлама

2025 жылғы 9 мамырда Жеңіс саябағында Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған театрландырылған концерттік бағдарлама өтті.

Концерт шынайы ерлік жылдарының шежіресіне айналды. Көрермендер майдан мен тыл өмірінің көріністері бейнеленген әсерлі сахналық қойылымдарды тамашалады. Театр және вокал ұжымдарының әртістері, хореографиялық ансамбльдер мен жеке орындаушылар сол дәуірдің атмосферасын ерекше тебіреніспен жеткізді.

Сахнада соғыс жылдарындағы әндер шырқалып, майданнан келген жүрек толқытар хаттар оқылды, ерлік пен Отанға деген сүйіспеншілікке толы би қойылымдары орындалды.

Бағдарлама көрермендердің зор ықыласына ие болды — көпшілігі көз жасын тыя алмай, алғысын білдірді. Іс-шара ұрпақтар сабақтастығының символына айналып, батырларға деген құрмет пен бейбіт аспан үшін төленген құнның естелігі ретінде өтті.

Концерттік бағдарламада түскі 12.00-де басталып кешкі 22.00-ге дейін облысымыздың ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері, талантты жас орындаушылары мен кәсіби шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.

Бағдарламаға қатысқан барлық өнерпаздарға және сол күні батырларды еске алуға келген көрермендерге алғыс білдіреміз. Ұлы Жеңіс — жүрегімізде мәңгі сақталады, осындай іс-шаралар оның болашақ ұрпақ үшін маңызын сақтауға септігін тигізеді.

Iс-шаралар

Меню