Бұқар жырау оқулары

Тәуелсіздігіміздің 26 жылында қол жеткізген жетістіктер мен даланың дана ділмары, кемеңгер биі Қазыбек Келдібекұлының асыл мұрасын дәріптеу. Жыршы-жыраулық дәстүрді жаңғыртып насихаттау, ұрпақты ұлттық ата-дәстүр рухына тәрбиелеу.

Халықтың рухани, мәдени мұраларын ұрпаққа жеткізу және оны елдің санасына сіңдіру мақсатында 2017 жылдың 26 қазанында, «Нұр Отан» Партиясы ғимаратында сағат 13.00-де, Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және Бұқар жырау ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қаз дауысты Қазыбек бидің 350 жылдығына арналған «Бұқарекең жырлайды» атты дәстүрлі облыстық ақын-жыршылар сайысы өтті.

Жыршы-ақындар сайысына қазылар алқасының төрағасы болып Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, жыршы – жырау Амандық Көмеков және ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Абзал Бөкен және Мүгулсім Шабаева, Жанар Рустемова мен Жандос Смагулов болды.

Сайыс үш номинация бойынша өкізіледі:

  1. Бұқар жырауша. Мүшайра үлгісінде өтетін бұл сайысқа түсетін ақын өз туындысын жыраулар поэзиясы, яғни жыр-толғау үлгісінде жазуы шарт.
  2.  Бұқар жырау оқулары. Бұл сайсқа қатысушылар Бұқар жыраудың шығармашылығын, яғни жыр –толғауларын жатқа, мәнерлеп оқу керек.
  3. Жыршы-жыраулар сайысы. Бұл сайыста әнші-жыршылар Бұқар жырау Қалқаманұлының жыр-толғауларын белгілі бір аспапта (қобыз, домбра, сырнай) мақамға салып орындауы шарт.

Қазылар алқасы шешім бойынша:

«Бұқар жырауша» номинация:
I орын – Cұлтан Дәулетханұлы,
II орын – Қайрат Иманбеков,
II орын – Жоламан Айткен,
III орын – Абайбол Кәрім,
III орын – Ерман Бауыржан,
III орын – Жәлел Шалқар, Арнайы сыйлық Ақерке Әбдікарімова, Ардақ Тойлыбаева;

«Бұқар жырау оқулары» номинация:
I орын – Жұмабай Айтмұхаммед,
II орын – Рамазан Жакупов,
II орын – Әли Жиренов,
III орын – Жұмабек Қадыр,
III орын – Сайрангүл Серхан,
III орын – Жанбота Орынды,
Арнайы сыйлық — Қарасарт Нұрғиса

Жеңімпаздарға, жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылады.

Iс-шаралар

Меню