Хореографиялық ансамблі «Қуаныш» есеп беру концерті

9 қантар күні Кеншілер мәдениет сарайында облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми әдістемелік орталығының іргесінде құрылған «Қуаныш» үлгілі хореографиялық би ансамбілінің кезекті есеп беру концерті өтті.
Халықаралық, Республикалық конкурстар мен байқаулардың жүлдегері атанып жүрген ұжым – қарағандылықтарға бұрыннан таныс. Облыстық деңгейдегі көпшілік іс-шаралардың басым бөлігі – осы ансамбльдің көркемдік жетекшісі, «Жылдың үздік хореографы» аталымы бойынша облыс әкімі сыйлығының иегері Айман Тойболдинаның ұйымдастыруымен өтті.
Ойы – еркін, арманы – ұшқыр Айман Нұрланқызы ансамбль мүмкіндігін ұлттық бимен ғана шектеп қалмай, қоғам мен заман ағымына, сұранысына сай түрлі ізденістерге баруды да жолға қойған. Өзге ұлтардың биінен бөлек, биылғы жылы Елордамыз – Астана қаласында өтетін халақаралық көрмеге арнап «ЭКСПО» биін де әзірлеген екен.
Азды-көпті бір сағаттың мұғдарында сұлулық пен шеберлік қатар үйлескен тартымды кеш көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Iс-шаралар

Меню