Қарағанды облысы мәдениет қызметкерлеріне арналған үш күндік семинар‑практикумның қорытындысы

17–19 желтоқсан аралығында Қарағанды облысында «Дыбысты жазу және постөңдеуге кешенді көзқарас: кәсіби стандарттар мен инновациялар» атты семинар‑практикум өтті. Оған Актогай, Қарқаралы, Шет аудандарының, сондай‑ақ Қарағанды, Теміртау және Шахтинск қалаларының мәдениет қызметкерлері қатысты.

Алғашқы күні қатысушылар кәсіби дыбыс жазудың негізгі қағидаларымен, заманауи цифрлық аудиоредакторлармен (DAW), дыбыс өңдеу құралдарымен, аудиоинтерфейстермен және аудиоөндірістегі өзекті үрдістермен танысты. Практикалық бөлім бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату және дербес компьютерлерді баптауға арналды.

Екінші күні тәжірибелік жұмыс жалғасты: қатысушылар арнайы онлайн‑сервис арқылы «mp3 плюс» форматындағы аудиофайлдарды «mp3 минус» форматына түрлендіріп, минус фонограммаға вокал жазды.

Үшінші күні жазылған дауысты өңдеу және Melodyne бағдарламасы арқылы толыққанды әуен жасауға көңіл бөлінді. Семинардың қорытынды бөлімінде қатысушылар маманға сұрақ қойып, кәсіби тәжірибе алмасты. Оқу соңында барлық қатысушыларға именной сертификаттар табысталып, әрі қарай дыбыспен жұмыс істеуге арналған арнайы бағдарламалар ұсынылды.

Iс-шаралар

Меню