«Полония» Қарағанды облыстық поляк қоғамы

Хмелевский Виталий Альбертович-Қарағанды облыстық «Полония» поляк қоғамының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстан поляктар Одағы төрағасының орынбасары.

Қарағанды облыстық «Полония» поляк қоғамы 1991 жылдың қарашасында құрылды.

Поляк қоғамының негізгі қызметі білім беру, мәдени-ағарту жұмысы, поляк әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін жаңғырту және өсіру, көрмелер, концерттер, конкурстар, кештер өткізу, көркемөнерпаздарды дамыту, жастарды Польшаның жоғары және орта оқу орындарында оқуға дайындау болып табылады.

«Полония» облыстық бірлестігінің көркемөнерпаздар ұжымы облысты Польшадағы халықаралық фестивальдар мен байқауларға үнемі қатысады, Қазақстандық патриотизм мен этносаралық толеранттылықты тәрбиелеуге бағытталған республикалық және облыстық іс-шаралардың қатысушысы болып табылады.

ЭКО «бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасы аясында Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өткізді. «Қазақстандық патриотизм – облыстың этномәдени бірлестіктері жұмысындағы басымдық» тақырыбына дөңгелек үстел өткізу бойынша жоба іске асырылды.

Iс-шаралар

Меню