Қарағанды облыстық қоғамының «Видергебурт «неміс орталығы»

Кист Виктор Эдуардович – «Видергебурт «неміс орталығы» Қарағанды облыстық қоғамының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, II дәрежелі «Достық» орденінің кавалері, экология ғылымдарының докторы.

Қарағанды облыстық «Видергебурт «неміс орталығы» («Возрождение») қоғамы 1992 жылы тіркелген.

ЭКО мақсаты-неміс халқының салт-дәстүрлерін жандандыру. «Volksguelle» неміс биінің халықтық ансамблі ерекше танымал, ол облыстық Ресей, Германияда өткен халықаралық фестивальдер мен байқауларда бірнеше рет орын алған, республикалық Достық фестивальдерінің қатысушысы болып табылады.

Уақыт өте орталықтың жұмыс бағыты айтарлықтай кеңейді: неміс білім беру кешені, еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау бөлімі, кездесулер орталығы, жастар клубы, кеңес беру және аударма бөлімі, гитаристер студиясы. Қарағандылық немістердің түрлі қызмет салаларында біліктілігін арттыру бойынша білім беру-ақпараттық орталығы республикадағы ең үздіктердің бірі болып танылды.

«Эрфольг» неміс оқу орталығында 14 ұлттың балалары бірнеше тілде оқиды: неміс, қазақ, орыс, ағылшын.

2014 жылдың қазан айында орталық өзінің 25 жылдығын атап өтті.

Iс-шаралар

Меню