Ким Лилия Михайловна – «Қазақстан кәрістері қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды филиалының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, экономика ғылымдарының кандидаты, II дәрежелі «Достық» орденінің кавалері.
«Қазақстан кәрістері Қауымдастығының» Қарағанды филиалы 1989 жылдың қыркүйегінде құрылды.
Қоғамдық ұйымның негізгі міндеттері – кәріс тілі мәдениетін, әдет-ғұрпын, дәстүрін дамыту және қайта жаңғырту, қоғамның демократиялық өзгерістерінде этностың белсенділігін арттыруға жәрдемдесу.
Қарағандының мектептері мен ЖОО-да, сондай-ақ филиал жанынан ҚДКБҚ қамқорлығымен кәріс тілін оқыту жүргізіледі. Осы мақсатта филиал белсенділері қатарынан Кәріс Республикасы Елшілігі жанындағы ағарту орталығында оқудан өткен оқытушылар даярланды. Оқытуға Кәріс Республикасынан еріктілер тартылды.
Филиал жанынан ардагерлер хоры, «Киппым» би тобы, «Самульнори» барабаншылар тобы құрылып, табысты жұмыс істеуде, әр түрлі іс – шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады, олардың көбі дәстүрлі түрде – ай күнтізбесі бойынша жаңа жылды тойлау, ақындық атау алған қарттар күні – «өмір күзі» мерекесі өтеді.