Сатретдинова Суфия Замировна – «Идел» татар және татар-башқұрт қоғамдық және мәдени орталықтары қауымдастығының Қарағанды филиалының төрағасы, Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.
«Идел» татар және татар-башқұрт қоғамдық және мәдени орталықтары қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысындағы Қарағанды филиалы 2012 жылы тіркелді.
Ұйымның мақсаты гуманизм мен адамгершілік тазалық қағидаттарын іс жүзінде жүзеге асыру арқылы татар халқының ұлттық дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, ана тілін жандандыруға және сақтауға жәрдемдесу болып табылады.
Филиал жанынан хореографиялық ұжымдар құрылды, жексенбілік мектеп жұмыс істейді, онда татар тілін, татар халқының салт-дәстүрлерін зерделеу бойынша сабақтар жүргізіледі.
Бірлестіктің шығармашылық ұжымдары республикалық, облыстық және қалалық іс-шаралардың белсенді қатысушылары болып табылады, қоғамда болып жатқан өзгерістерге қатысты мәселелерді талқылауға қатысады. Жұмыс Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қамқорлығымен Облыстың мемлекеттік органдарымен және мекемелерімен бірлесіп жүргізіледі.
«Бәйтерек» ЭКО «бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасының іс – шаралары аясында «Біздің Отанымыз-Қазақстан» фестивалін өткізді. Іс – шараның негізгі мақсаты-азаматтық бейбітшілік пен қоғамдық келісімді нығайту, полиэтносты облысымызда бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқан этностардың мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін насихаттау.