Көркемөнерпаздар ұжымдарының есептік концерті «Біз өнер билік құрған әлемге есік ашамыз!»

23 ақпан күні Саңыраулар мәдениет үйінде «Біз өнер билік құрған әлемге есік ашамыз!» атты көркемөнерпаз ұжымдарының есептік концерті өтті. Концертте Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдары өздерінің үздік өнер көрсетілімдері мен дебюттік қойылымдарын ұсынды.

Мәдениет үйінің фойесінде «Өнер ұшқыны» үлгілі студиясының «Шығармашылық кеңістігі» атты көркем және қолданбалы өнер бойынша есептік көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының өкілі, бас маман Отиншина Ж.У. ұжым жетекшілеріне алғыс хаттар мен гүл шоқтарын табыстап, шығармашылық жетістіктері үшін алғыс білдірді.

Есептік концерт халықтық «Меруерт» ансамблінің орындауындағы «Өмір бойғы ән» атты финалдық әнімен өз мәресіне жетті.

Iс-шаралар

Меню