2017 жылдың 30 тамызы күні Орталық мәдениет және демалыс саябағы жағалауының алаңында Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне және ақын, композитор В.Цойды еске алуға арналған ІV облыстық «Жастар әлемі» фестивалі өткізілді. Аталмыш шараны Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырды.
Фестивальге облысымыздың қалалары мен аудандарының ең үздік рок топтары қатысты. Атап айтсақ: «Rocks time» тобы (Абай ауданы), «Квинтовый круг» (Бұқаржырау ауданы), «Ниагара», «Stolen Song», «KLIENT», «Фёдор Снегирёв и Ко.», «Solarstein», «Сальерика», «STEPPEFISH», «TEQUILA SUNRISE», «Кукумбер» Қарағанды қаласының топтары және фестивальдің қонағы «Hadn’t tea» топтары (Алматы қаласы).
Келген қонақтар шеберліктерінің жоғары деңгейлерін көрсетіп, Қарағанды қаласының көрермендерін ризашылыққа бөледі. Қатысушылар белгілі кавер үлгідегі әндермен қатар, өздерінің де төл туындыларын орындады. Арнайы Алматы қаласынан шақырылған жүргізуші Александр Галаев көрермендерді назардан тыс қалдырмай, рок толқынына бағыттады. Көрермендер сахнада өнер көрсетуші өнерпаздарға үлкен қолдау көрсетті. Фестиваль марапаттау рәсімімен өз мәресіне жетті.