27 тамыз күні Достық Үйінің залында «Мерейлі отбасы» атты жалпыұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Байқауға Қарағанды облысының әр аймағынан отбасылар қатысты.
Достық Үйінің фойесінде әр отбасының портреттері бар фотокөрме ұйымдастырылды. Залда байқауға қатысушылардын фото және бейне слайдтары көрсетілген экран орнатылды.
Іс-шараны «Қуаныш» үлгілі хореографиялық ансамблі «Бақыт құс» атты хореографиялық қойылымымен ашты.
Әр өңірден келген 19 отбасы Қарағанды облысы әкімінің дипломдарымен және естелік фотоальбомдарымен марапатталды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша үш жеңімпаз отбасы анықталды:
- 3 орын Жезқазған қаласынан Стамкуловтар отбасы
- 2 орын Салкауовтар отбасы Жезқазған қаласы
- 1 орын Хамитовтар отбасы Қарағанды қаласы
Концерттік бағдарламада Қ.Байжанов атындағы концертік бірлестіктің «Диар» аспаптық дуэті, «Адива» жастар триосы және Әсел Қарабаеваның балалар вокалдық студиясы өз өнерлерін көрсетті.