«Зерде» жылжымалы мәдени-демалыс кешені туралы ақпарат

2020 жылдың қазан айының 14-ші жұлдызынан бастап 16-на дейін облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығының «Зерде» жылжымалы мәдени-демалыс кешені Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында Қарағанды облысы Қарқаралы ауданына қарасты Абай, Бастал, Нұрмақов, Айрық, Тәттімбет, Балқантау елді мекендеріне барып қайтты.

«Зерде» жылжымалы мәдени-демалыс кешені барған өңірлерге концерттік бағдарламасын ұсынды. Концерттік бағдарламада жас орындаушылар мен шоу-бағдарламаларды жүргізушілердің «Жас қанат» облыстық байқауының лауреаты Сұлтан Молдабеков, Абай қаласы мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы Жанна Искакова, Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің «Арқа сазы» фольклорлық ансамблінің күйшісі Елжас Каримов өнер көрсетті. Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығың ғылыми-әдістемелік орталығының маманы Елтай Еркебұлан карантиндегі сақтық шаралары туралы және осы жылы маңызы бар мерекелер жайлы айтып, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған жолдауын оқыды. Көрермендермен викторина өткізіліп, олар Абай Құнанбаевтың қара сөздері мен бірнеше өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқыды. Оларға бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Барған елді мекендердегі тұрғындар бетперде киіп, арақашықтықты алшақ ұстап, сақтық шараларын сақтады.

Кітапқа енген Абай, Нұрмақов, Тәттімбет  ауылдарының тұрғындарына «Күй керуен» музыкалық-этнографиялық экпедиция кітабтары табысталды.

Барған елді мекендердің халқы дән риза болып, өнерпаздарға ақ батасын беріп шағарып салды.

Iс-шаралар

Меню