«Наурыз – Еліміздің Ұлы күні» театрландырылған мерекесі

2018 жылдың 22 наурызында Орталық мәдениет және демалыс саябағында «Наурыз – Еліміздің Ұлы күні» театрландырылған көрінісі өтті.

Іс-шараға С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театры мен Академиялық музыкалық комедия театрының актерлары, «Қуаныш», «Аяла», «Шолпан», «Волшебная страна», «Джиронимо» би ансамбльдері, және «Наурыз бала» рөлінде «Мини мисс — 2018» областық конкурсының финалисті Полина Хорошенко қатысты.

Бүл күнгі безендіру ерекше әсер берді. Алаңда сахнаның алдында екі 4 метрлік қызғалдақ гүлдері мен қатысушыларға арналған киіз үйлер орнатылды. Іс-шара ұлттық киім киген би ұжымдарының шығуымен басталды. Қыздардың қолдарында гелий шарларынан құралған гүл шоқтары мен «Наурыз» жазуы бар ленталар болды. Облыс әкімі Ерлан Жақанұлы Қошанов барлық қарағандылықтарды мерекемен құттықтады. Сөз соңында биші қыздар қолдарындағы шарларды аспанға ұшырып, «Жаңғырған табиғат, бақ қонған ел» атты театрландырылған прологпен жалғасты.

Алаңда «Ай мен Күннің теңелуі» көрсетіліп, сахнада Өзек пен Су кейіпкерлері табиғаттың күші, адамзаттың рухани қасиеттері мен достық туралы айтты. Көрініске қатысқан фондық топтар жердің мен табиғаттың оянуын, көктемнің келуін көрсетті. Алаң гүлдер, құстармен толып жатты. Белгілі уақытта алаңға «Арлан» этно театрының батырлары шығып, Наурыз мерекесінің басты символы Тайқазанды» алып шықты. Сахнаға Қызыр ата мен 8 әже шығып, «Тәу,тәу» және «Алас» рәсімдерін өткізіп, Қызыр ата батасын берді.

Көрініс соңында мерекелік «Наурыз» әні орындалып, ұлттық киім киген биші қыздар «Шашу» шашып, түрлі-түсті салют атылды.

Концерттік бағдарламаны әрі қарай Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Шадаева және Қарағанды облысының кәсіби және көркемөнерпаз ұжымдары жалғастырды.

Iс-шаралар

Меню