8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Алақаны аялы Асыл ана» атты қайырымдылық концертінің өткізілгені туралы ақпарат

2019 жылы 4 наурызда облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығы ғылыми-әдістемелік орталығы №1 қарттар мен мүгедектерге арналған қайырымдылық концертін ұйымдастырып өткізді.
Мерекелік концертке «Қуаныш» үлгілі хореографиялық ансамблі, ансамбль әншісі А.Қасымхан, Кеншілер мәдениет сарайының көркемдік жетекшісі, әнші, музыкант Валерий Роголев, Жаңа Майқұдық мәдениет үйінің солисті Ерден Марат және Орталық қызметкерлері Еркебұлан Елтай мен Алтынай Нұрманбаева қатысты.

Жыл сайын бағдарламаға №1 МӘМ қамқорлығындағы Надежда Ивановна Белей қатысады, ол қарт адамдардың жүрегін өз талантымен бағындырады.

Концерт барысында кинофильмдердегі әндер мен 80-ші жылдардағы ретро әндер шырқалды. Қорытынды нотамен Ерден Мараттың орындауында «Анаға сый» әні шырқалды, ал МӘМ қызметкерлері концерттің қатысушыларымен қарт адамдар мен мүгедектердің фотосессиясын ұйымдастырды.

Iс-шаралар

Меню