1 мамыр – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Балалық шақ» қайырымдылық акция-концерті

2017 жылдың 1 маусымында Орталық мәдениет және демалыс саябағында сағ.15.00-де облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Халықаралық балаларды қорғау Күні мен ауыр және емдеуге жарамайтын науқасты балаларға арналған «Балалық шақ» атты қайырымдылық акция-концерті өтті.
Акция-концерттің негізгі мақсаты мен бағыты – балалардың балалық шақтарын сақтау, жақсылық, адалдық, ықыластық сияқты адамгершілік қасиеттерін дамыту және таныту.
Іс-шараға Қарағанды қаласының «Лучик надежды», «Мир детства» қайырымдылық қорлары және облыстық саңыраулар және зағиптар мәдениет Үйлері атсалысып, жәрдем жинау бекеттерін және сәнді-қолданбалы өнер жәрмеңкелерін ұйымдастырды. Ал қаламыздың шығармашылық және кәсіби ұжымдары қаламыздың барлық балаларына қуаныш пен шаттықты сыйлап, мерекелік концерт ұсынды.

Iс-шаралар

Меню