Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Қуатты өңірлер – Қуатты Қазақстан» бағдарламасының аясында Астана қаласында Қарағанды облысының күндері туралы АҚПАРАТ

Республикамыздың бас қаласы Астана қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Қуатты өңірлер – Қуатты Қазақстан» бағдарламасының аясында Қарағанды облысының күндері өтті. Астана тұрғындарына ұсынылған бағдарламада жәрмеңке, спектакльдер, концерттер, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі арқылы облысымыздың экономикалық және мәдени саласындағы табыстар көрсетілді.

 

8-9 қазан күндері «Қазақстанда жасалынған» атты ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Астаналықтарға жергілікті кәсіпорындар мен ұйымдардың жоғары сапалы таза өнімдері ұсынылып, жәрмеңке шығармашылық ұжымдардың концерттік бағдарламасына ұласып, Бауырсақ және қымыз фестивальдерімен жалғасын тапты.

 

Жәрмеңке барысында «Шеберлер ауылы» сәнді-қолданбалы өнердің көрмесі ұйымдастырылып, зергерлік, қол өнер шеберлігі, қыш-құмыра кәсіпшілігі бойынша арнайы шеберлік сыныптар өткізілді.

 

Сол күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасының ғимаратында «Сарыарқа кітапханасы» сериясымен шыққан 100 томдық шығармалар жинағын тапсыру рәсімі өтті.  Ал оқушылар Сарайында сағ. 18.30-де С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театры труппасының орындауында У.Шекспирдің «Ромео және Джульетта» спектаклі сәтті өтті.

 

9 қазан күні Бейбітшілік және Келісім Сарайында Тәуелсіздігіміздің 25 жылында қарағанды облысының табыстары көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Көрмеге келген көрермендер аймағымыздың тарихи, мәдени ерекшеліктерін, өндіріс және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының өнімдері мен облысымыздың инновациялық жобаларымен танысты.

 

Іс-шара Қарағандының 600 өнерпазы қатысқан гал-концертімен аяқталды. Концертте «Шабыт» халықаралық жастардың шығармашылық фестивалінің лауреаты, ақын Мирас Асан, «Жас қанат» Республикалық байқаудың лауреаты Лаура Айтбаева,  Тәттімбет атындағы академиялық халық аспаптары оркестрі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Амантай Ибраев, Академиялық музыкалық комедия театрының әртісі Елена Филинкова, Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің «Аққу» фольклорлық-хореографиялық би ансамблі, симфониялық оркестрі, «Мерей» және «Әуен» ансамбльдері өнерлерін көрсетті. Кәсіби әртістермен бірге көркемөнерпаз ұжымдары да қатысты, атап айтқанда: «Бозторғай» вокалдық тобы, «Жұлдыз», «Карамель» би ансамбльдері, «Волшебная страна» үлгілі хореографиялық ансамблі және көрермендерді ерекше таң қалдырған «НұрӘсем» сән  үйі. Астана қаласы әкімішілігі тарапынан раушан гүлдерінен үлкен себет тапсырылған болатын.

Iс-шаралар

Меню