2022 жылғы 17 ақпанда бейнелеу өнері мұражайының базасында балалар жылына арналған «Болашақ таланттар» форумы аясында шеберлік сабағы өтті.
Форумның бастамашылары мен ұйымдастырушылары – Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы.
Қатысушылар: мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыру жөніндегі жобаға қатысатын өнім берушілер, басшылар, педагогтар мен балалар.
Санитарлық-карантиндік шараларды сақтай отырып, іс-шараға 3 жеткізуші, барлығы 36 адам қатысты.
Форум барысында мұражай басшысы Б.С. Кудабаева қызметі, көрмелер ұйымдастыру, жергілікті және шетелдік суретшілермен ынтымақтастық туралы айтып берді. Сонымен қатар қатысушылар суреттер көрмесін тамашалады.
Мастер-классты суретші, мүсінші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Арент Виктор Антонович өткізді, ол форум қатысушыларымен өз шеберлігінің құпияларымен бөлісті.
Мастер-класс өткізілгеннен кейін барлық қатысушыларға қатысқаны туралы сертификаттар беріліп, естелік суретке түсті.