2021 жылдың мамыр айының 26-шы жұлдызында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми әдістемелік орталығының ұымдастыруымен Цирк ғимаратында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Керемет» телевизиалық жобасының түсірлімі өтті.
Бұл жобаға Қарағанды облысының барлық аймақтарынан 80 қатысушылар ұсынылды, дегенмен өнерлерімен ерекшеленген 7 өнерпаз бүлдіршіндер жобаға қатысты. Олар:
- Матвей Калашников(Қарағанды қ.) – пианист;
- Диляра Қонаева (Жезқазған қ.) – акробат;
- Әпкелі сіңілі Юлия және София Сачава (Бұқаржырау ауданы)қол өнер;
- Ляйсан Исмакова (Қарағанды.қ) – «Звезда тик-тока» әннің авторы;
- Нұрислам Мейрамбек (Бұқаржырау.а)– Бұқар Жыраудың 50 ден астам толғауларын жатқа білуші;
- Великанов Никита, Ермакова Эмилия (Теміртау қ.)– бал биі;
25-ші мармыр жоба қатысушылары Қарағанды қаласына келіп түсірілім дайындығы өтті.
Екі тілдегі бұл жобаны Думан Аким жүргізді.
Жобаның соңында Жаңа Майқұдұқ мәдениет үйінің «Назқоңыр» балалар вокалдық ансамлбі «Керемет» жобасының әнұраның шырқады. Әннің сөзін ОМСжХШҒӘО редакторы Бек Ноғайбайұлы, әнің Абай Каппасов жазды.
Барлық қатысушыларға диплом, медаль, тәттілерге толы сөмкелер табыс етілді.
«Керемет» телевизиалық жобасы 1 маусым «Saryarqa» телеарнасынан көрсетілді.