2021 жылдың қазан айының 11-нен 13-не дейін облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығың ғылыми-әдістемелік орталығының «Зерде» ақпараттық мәдени-демалыс кешені Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында Қарағанды облысы Ақтоғай ауданына қарасты Сәуле, Сарытерек, Нүркен, Шабанбай би, Ақжарық, Үшарал өңірлеріне барып қайтты.
«Зерде» ақпараттық мәдени-демалыс кешені барған өлкелерге концерттік бағдарламасын ұсынды. Концерттік бағдарламада облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері Жармаганбетова Асем президент жолдауын халыққа жеткізді, орталықтын мәдени-ұымдастырушысы Елтай Еркебұлан, Тәттімбет атындағы өнер колледжінің студенттері Жұмамұратов Мейіржан, Сармутдинова Аяжан, Еренгайыпов Айдын халыққа әнмен шашу шашты және «Әсем-ай» хореографиялық ансамбльі өз өнерлерін көрсетті.
Барған елді мекендердін халқы дәң риза болып, өнерпаздарға ақ батасын беріп шағарып салды.