2015 жылдың 5 қыркүйек күні Орталық мәдениет және демалыс саябағы жағалауының алаңында Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-жылдығына арналған ІІ облыстық «Жастар әлемі» фестивалі өткізілді.
Аталмыш шараны Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы және облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырды. «Жастар әлемі» фестивалі «Dancing city» мен «Террикон» бөлімдерінен тұрды.
Фестивальдің «Dancing city» атты бірінші бөліміне облысымыздың ең үздік би топтары мен жеке орындаушылар қатысып, көше би өнерінің шеберліктерін көрсетті: «Аэлита» эстрадалық би тобы (Жезқазған қ.), Каригул Бекзият (Шахтинск қ.), «Ай-Ару» би ұжымы (Қарқаралы қ.), «Ханиса» би ұжымы (Осакаровска ауданы), «Check it», «Жемчужина», «Magic», «Magic mix» би топтары (Қарағанды қ.). Жас бишілер барлық көрермендерді өздерінің шеберліктерімен, орындауларымен және дене қимылдарымен таң қалдырды. Фестивальдің бірінші бөлімі бишілерді марапаттаумен аяқталды.
«Жастар әлемі» фестивалінің екінші бөлімі жағалау алаңының үлкен сахнасында өткен «Террикон» рок-фестивалінің жалғасуымен өтті. Сахнада облысымыздың аудан мен қалаларынан келген рок -топтары өз өнерлерін көрсетті, олар: «DUTY FREE», «KING of SPADES», «НИАГАРА», «LAZY BAND», «PRIDE», «ПИРОГИ», «OKA one» (Қарағанды қ.), «LOS ANGELES», «РАВНОВЕСИЕ» (Теміртау қ.), «ЖАЙДАРМАН» (Бұқар жырау ауданы), «WIZARD» (Шахан кенті), «КУКУМБЕР» және Алматы қаласынан келген қонақтар «Хирург» және фестивальдің хэдлайнері болған «CARDIO BEAT» топтары.
Келген қонақтар инструменталдық шеберлігінің жоғары деңгейлерін көрсетіп, көрермендерді ризашылыққа бөледі. Қатысушылар белгілі әндермен қатар, өздерінің де төл туындыларын орындады. Көрермендер сахнада өнер көрсетуші өнерпаздарға үлкен қолдау көрсетіп, фестиваль марапаттау рәсімімен өз мәресіне жетті.