2014 жылдың наурыз айының 16-шы жұлдызында сағ.11.00-де Кеншілер мәдениет сарайының ғимаратында Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының, сонымен қатар Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қарағанды қаласының 80 жылдығына және дауылпаз ақын Сәкен Сейфуллиннің 120 жылдығына арналған «Армысың, әз Наурыз» атты облыстық ақындар айтысы өтті.
Айтысқа Қарағанды облысының Ақтоғай, Бұқар жырау, Жаңаарқа, Қарқаралы, Ұлытау, Шет аудандарынан және Сұрыптау, Шахтинск, Қарағанды қалаларынан республикалық сайыстарда өнер көрсетіп жүрген 14 айтыскер ақын қатысты.
Қазақстанның еңбексіңірген қайраткері, қазылар алқасының төрағасы Аманжол Әлтаев, ф.ғ.д., профессор, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, ақын Қойлыбай Асанов, ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Абзал Бөкен, айтыскер ақын, «Орталық қазақстан» газетінің Бас редакторының бірінші орынбасары Ерсін Мұсабеков, Ф.ғ.к., «Той» журналының редакторы Қуаныш Сейітжанов, Қазақстан-Қарағанды телеарнасының тілшісі Тойжігіт Әли сынды дәстүрлі додаға төрелік еткен қазылар алқасының шешімі бойынша Бас жүлде Дидар Қамиевке (Шет ауданы), жүлделі бірінші орын Ботакөз Мұхиден (Ұлытау ауданы) мен Қайрат Иманбековке (Ақтоғай ауданы), екінші орын Ботпай Доскей (Бұқар жырау ауданы) мен Ұланғасыр Қамиевке (Шет ауданы), үшінші орын Байсүгіров Нұрмұхамед (Шахтинск қаласы), Мұхтар Әділов (Қарағанды қаласы), Сейітқазы Мұқағалиға (Қарағанды қаласы), «Жас отан» сыйлығы Жаманов Медетке (Жаңаарқа ауданы), «Үкілі үміт» сыйлығы Оспанов Бекарысқа (Сұрыптау қаласы), Аманжол Әлтаевтың арнайы сыйлығы Ұланғасыр Қамиевке (Шет ауданы) бұйырды.