«Армысың, әз Наурыз» атты облыстық ақындар айтысының өткізілуі туралы ақпарат

2015 жылдың наурыз айының 21-шы жұлдызында сағ.11.00-де Кеншілер мәдениет сарайының ғимаратында Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының, сонымен қатар Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ҰОС 70 жылдығына және Қазақ хандығының 550 жылдығына, Ассамблея мен Атазаңның 20 жылдығына арналған «Армысың, әз Наурыз» атты облыстық ақындар айтысы өтті. Айтысқа Қарағанды облысының Ақтоғай, Бұқар жырау, Жаңаарқа, Қарқаралы, Ұлытау, Шет аудандарынан және Сәтбаев, Шахтинск, Қарағанды қалаларынан республикалық сайыстарда өнер көрсетіп жүрген 16 айтыскер ақын қатысты.

Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, ақын Қойлыбай Асанов, ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Абзал Бөкен, айтыскер ақын, «Орталық қазақстан» газетінің Бас редакторының бірінші орынбасары Ерсін Мұсабеков, Ф.ғ.к., Филология ғылымдарының докторы, ЕҰУ профессоры Жұмағұлов Сағымбай, Қазақстанның мәдениет қайраткері, Қазақстан-Қарағанды телеарнасының тілшісі Тойжігіт Әли сынды дәстүрлі додаға төрелік еткен қазылар алқасының шешімі бойынша:

  • Бас жүлде Әділов Мұхтар (Қарағанды қаласы),
  • Жүлделі бірінші орын Ботакөз Мұхиден (Ұлытау ауданы),
  • Екінші орын Ботпай Доскей (Бұқар жырау ауданы) мен Ұланғасыр Қамиевке (Шет ауданы),
  • Үшінші орын Иманбеков Қайрат (Ақтоғай ауданы), Сейітқазы Мұқағалиға (Ұлытау ауданы), Елусіз Жұлдыз (Сәтпаев қаласы),
  • Арнайы сыйлықтар Байсүгіров Нұрмұхамед (Шахтинск қаласы), Мағзұм Жоламан (Жезқазған қаласы), Бекболат Еркеғалиға (Теміртау қаласы) бұйырды.
  • Алғыс хаттармен Шағала Әлихан (Шет ауданы), Мүбарак Еркебұлан (Ақтоғай ауданы), Рымбай Нұрсұлтан (Қарағанды қаласы), Жаппарқұлова Айнұр (Қарағанды қаласы), Арғын Ғалым (Қарағанды қаласы), Рысбай Қамқор (Қарқаралы ауданы) марапатталды.

Iс-шаралар

Меню