Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ұйымдастырылған I аймақтық «Арқаның сал-серісі – 2025» байқауы

2025 жылдың қыркүйек айының 24-25 күндері Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ұйымдастырылған I аймақтық «Арқаның сал-серісі – 2025» байқауы өтті.

Бұл додада Қарағанды облысының бірқатар өнерпаздары өз өнерін ортаға салып қана қоймай, білім мен спорт салаларында да бақ сынап, жоғары деңгейде өнер көрсетіп, үлкен жетістіктерге қол жеткізді.

Байқау қорытындысы бойынша жүлдегерлер:

  • Толеутай Баянды Асетулы (Қарағанды қаласы) — Ақселеу Сейдімбек атындағы II орын жүлдегері;
  • Капасов Жалғас (Әлихан Бөкейхан ауданы) — Битабар палуан атындағы III орын жүлдегері;
  • Мүбарак Еркебұлан Мүбаракұлы (Ақтоғай ауданы) — Игілік Омаров атындағы III орын иегері;
  • Жұмашев Талғат Айболатұлы (Ақтоғай ауданы) — Дүйсенбай Бөкенаев атындағы арнайы номинация иегері.

Бұл жеңістер — Қарағанды облысы өнерпаздарының таланты мен табандылығының жарқын дәлелі!

Жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!

Iс-шаралар

Меню