Шет аудандық мәдени-сауық орталығының «Атамекен» ардагерлер хоры

Хор жетекшісі –  Алғожин Шәйкен

«Атамекен» ардагерлер хор ұжымы  2007 жылы Шет ауданының мәдениет Үйі жанынан құрылды. Құрамында 20-ға жуық жастар, 60-тан асқан тыл және еңбек ардагерлері бар.

Ұжым бүгінгі күнге дейін облыстық, аудандық, аймақтық, ауылдық мәдени шараларға қатысып, өз өнерлерін көрсетіп жүр. Мойынты кентінің 80 жылдық мерейтойына, Тағылы ауылының 70 жылдығы, жазғы маусым кезінде «Жаздың шырайлы шырағы» атты мәдени іс-шараларға қатысып, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы аясында «Ардагерлер әлі де тыңдағы ерлер» эстафеталық өнер сайысына қатысып, өнерлерін паш етті.

Сонымен қатар   жас  ұрпақтарға   тәлім- тәрбие  беру мақсатында   кездесу кештер, дөңгелек үстел, пікір- талас  отырыстар өткізіліп, жастарға деген ақыл- кеңестерін беріп отырады.   Ұжым репертуарында Отан, туған жер, соғыс жылдарындағы әндер,  халық композиторларының және халық әндері бар.

Iс-шаралар

Меню