ХIX облыстық «Жас қанат-2015» конкурсы

2015 жылдың 8 – 9 сәуір күндері. Кеншілер мәдениет сарайының ғимаратында Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының, сонымен қатар Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған Жас орындаушылар мен шоу-бағдарламаларды жүргізушілердің ХIХ облыстық «Жас қанат-2015» конкурсы өтті.

Жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі конкурстың мақсаты – эстрадалық әндерді қазіргі өңдеуде орындайтын талантты орындаушыларды, әуесқой сазгерлер мен өңдеушілерді, сауық-сайран, шоу-бағдарламаларын жүргізушілерді анықтау және оларды насихаттау болып табылады. Алдын-ала бейне-іріктеу кезеңінен 24 конкурсант, оның ішінде 15 орындаушы және 9 жүргізуші Қарағанды қаласына келді. Конкурстың І кезеңінде соғыс кезіндегі әндер орындалды. Көрермен қауымымен бірге құрметті қонақтар мен соғыс және еңбек ардагерлері қатысушыларға қошемет көрсетіп, қолдап отырды. ІІ кезеңде еркін тақырыптағы басқа тілдерде заманауи әндер орындалды. Сонымен қатар, шоу-бағдарламаларды жүргізушілер өздерінің өнерлерін көрермендерге ұсынды.

 

Қазылар алқасының шешіміммен вокал жанры бойынша келесі қатысушылар анықталды:

  • І орын Айгүл Жаманова (Қарағанды қ-сы);
  • ІІ орын — Аяжан Ашимбекова (Қаркаралы қ-сы);
  • ІІІ орын — Нұрболат Нұрмұхамедов (Тәттімбет атындағы өнер колледжі);
  • «Көрермен көзайымы» номинациясын Дмитрий Квон иеленді (Е.А.Бөкетов атынд. КарМУ);
  • «Соғыс кезіндегі әнді үздік орындағаны үшін» Сымбат Битенова иеленді (Осакаровка ауданы).

 

Шоу-бағдарламаларды жүргізушілер арасында жүлделі орындар келесі кезекте анықталды:

  • І орын — Алима Меирманова (Е.А.Бөкетов атынд. КарМУ);
  • ІІ орын– Нұрболат Оспанов (Е.А.Бөкетов атынд. КарМУ);
  • ІІІ орын – Екатерина Семенова (Жаңа Майқұдық мәдениет Үйі) және Мадина Маменова (Сәтпаев қ-сы).

 

Байқаудың барлық қатысушыларына дипломдар, бағалы сыйлықтар және ақшалай сертификаттар тапсырылды.

Iс-шаралар

Меню