«Ардагерлер ән салады» ХХVIII облыстық ардагерлер хор ұжымдарының фестивалі

2018 жылдың 4 мамыры күні Саран қаласының мәдениет Үйінде Астананың 20 жылдығына және Жеңіс Күніне арналған Қарағанды облысы мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен XXVІІІ облыстық «Ардагерлер ән салады» атты еңбек ардагерлері хор ұжымдарының фестивалі өтті.


Фестивальдің ұйымдастырушылары Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Саран қаласының әкімідігі және облыстық ардагерлер Кеңесі болды.

XХVІІІ облыстық фестивальге 600 адамнан астам Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Нұра, Шет аудандары, Қарағанды, Саран, Теміртау, Шахтинск, Балқаш, Жезказған, Сәтбаев қалаларынан 24 хор ұжымдары қатысты.

Фестиваль «Жеңіс» стелласындағы салтанатты митингімен басталды. Ардагерлерді Облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Ф.Ермаков, Саран қаласының ардагерлер Кеңесінің мүшесі Г.Сычева мен Кеншілер мәдениет Сарайының «Көзкөргендер» хоры Жеңіс Күнімен құттықтап, бұл мерекенің ерекшелігін атап өтті. Барлық қатысушылар соғыста қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, стеллаға гүл шоқтарын қойды.

Фестиваль Саран қаласының мәдениет үйінде өткен «Ардагерлер ән салады» концерттік бағдарламасымен жалғасты. Ардагерлер соғыс кезіндегі және патриоттық тақырыптағы әндерді орындап, барша көрермендерді өз таланттарымен тәнті етті. Қатысушылар Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының дипломымен, ақшалай сыйлықтармен, Саран қаласы әкімінің алғыс хатымен, естелік сыйлықтармен және облыстық ардагерлер Кеңесінің алғыс хатымен марапатталды.

Соңында барлық қатысушылар «Жансая» мейрамханасында өткен «Ән салайық, достар» кездесу кешін өткізді.

Iс-шаралар

Меню