2013 жылдың 29 қараша күні Қарағанды облысының әкімі Бауржан Әбдішевтің қатысуымен Теміртау қаласының Металлургтер мәдениет үйінде, яғни Елбасының еңбек еткен саяси отанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған форум өтті.
Форум Қарағанды облысы әкімінің құттықтау сөзімен ашылды.
Форумға Президентіміздің Теміртау қаласындағы қызметтестері, соғыс және еңбек ардагерлері, қалалар мен аудандардың делегациялары, этно-мәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілеттері, ғалымдар, атақты спортшылар, кәсіпорын басшылары шақырылды.
Форум қатысушыларына Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Теміртау қаласындағы қызметі, жұмыс бабымен Қарағанды облысына келген кезіндегі өндірістік кәсіпорындармен танысу сәттері баяндалатын бейнесюжеттер көрсетілді.
Форум сахнасында Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әртістері, үлгілі вокалды-хореографиялық «Вдохновение» ансамбілі, Академиялық музыкалық комедия театрының әртістері, Ақтоғай ауданының «Тоқырауын толқындары» ансамбілі өз өнерлерін көрсетті.
Содан кейін Президентімізбен ынтымақтастығы жайында ілтипатты сөзін Елбасымыздың жақтаушысы, Қарағанды металлургиялық комбинатының ардагері Ермек Төлеубаев форум қатысушыларына жеткізсе, ақ тілектер легін әрі қарай шахтерлер, металлургтер, агроөнеркәсіп қызметкерлері, ұстаздар, дәрігерлер, спортшылар, мәдениет қайраткерлері, Астана қаласымен құрдас бүлдіршіндер жалғады.
Форум «Елім менің» әнімен және мерекелік отшашумен аяқталды.
Форумды Қарағанды облысы мәдениет, мұрағат және құжат басқармасы, Облыстық ішкі саясат басқармасы және Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырды.