2025 жылдың 9-11 сәуір аралығында Қарағанды қаласының Достық үйінде «JAS TALANT-2025» жас орындаушылар мен шоу бағдарламалардыңжургізушілерінің облыстық байқауы өтті. Байқау екі кезеңде өтті және биылғы жылдың екі айтулы күніне арналды: Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы.
Байқауға Қарағанды облысының Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Осакаров және Шет аудандарынан, Қарағанды, Балқаш, Саран, Шахтинск қалаларынан, сондай-ақ Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті мен Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінен барлығы 15 жас орындаушы мен 9 жүргізуші қатысты.
Байқау барысында қатысушылар өздерінің ерекше өнерлерін көрсетіп, шығармашылық дарындарын толық таныта білді. Қазылар алқасы олардың кәсіби шеберлігі мен сахналық мәдениетіне жоғары баға беріп, келесі жеңімпаздарды анықтады:
Шоу-бағдарлама жүргізушілері арасында:
- I орын – Ботакөз Мұғиын (Қарағанды қ.), Ерлан Құрымбай (Е.Бөкетов атындағы ҚарУ)
- II орын – Фатима Догдирхан (Е.Бөкетов атындағы ҚарУ), Нұрлыбек Мажитов (Бұқар жырау ауданы)
- III орын – Медет Сәлімжан (Қарағанды қ.)
Орындаушылар арасында:
- Гран-при – Қызғалдақ Ауезханқызы (Абай ауданы)
- I орын – Мархабат Мұрадәлі (ҚЭУ)
- II орын – Марат Ерден (Қарағанды қ.), Жұлдыз Меней (Саран қ.)
- III орын – Шалқар Төрехан (Балқаш қ.), Ульяна Кислицына (Бұқар жырау ауданы)
- Көрермен көзайымы – Аманова Толғанай (Шет ауданы)
Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы тақырыбындағы әндерді орындаған қатысушыларға Қарағанды облысының Совет Ардагерлері Одағының атынан алғыс хаттар табысталды. Олардың қатарында:
- Аманова Толғанай (Шет ауданы)
- Марден Тұрсынбай (Қарағанды қ.)
- Анастасия Иванова (Осакаров ауданы)
Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!