2022 жылдың 1 маусым күні сағ. 11.00-де Кеншілер мәдениет сарайында, Халықаралық балаларды қорғау күніне және Қазақстан Республикасының Президентінің жариялауымен «Балалар жылына» арналған «Еркетай» облыстық балалар шығармашылығының фестивалі өткізілді.
«Еркетай» фестивалі 3-7 жастағы балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, эстетикалық және көркемдік талғамын дамыту, баланы рухани-ұлттық тұрғыда тәрбиелеу, дарынды, талантты балаларды анықтау мақсатында өтті.
Фестивальге Абай, Ақтоғай, Жаңаарқа, Қарқаралы, Нұра, Осакаров аудандары мен Жезқазған, Қарағанды, Сәтпаев, Саран, Теміртау, Шахтинск қалаларынан 400-ге жуық балалар қатысты.
Әрбір қатысушыға диплом мен естелік сыйлықтар табысталды.