Қарағандыда дәстүрлі Президент шыршасы өтті

Жаңа жылдық думанға облыстың әр түкпірінен 180 бала қатысты. Олардың барлығы да оқуда озат, шығармашылық пен спорт саласында жетістікке жеткен дарынды бүлдіршіндер.

Биылғы мерекелік кеш елорданың 20 жылдығына арналып, «Асқақ ордам Астана» тақырыбында өрбіді. Аяз Ата мен Ақша қар түрлі танымдық ойындар ұйымдастырып, жас өрендер бас қаламыз жайлы білімдерін байқатты. Бұдан кейін балғындар қораз жылын шығарып салып, есіктен кіргелі тұрған ит жылын қарсы алды.

Iс-шаралар

Меню