31 мамыр күні Қарағанды қаласының Спасск мемориалдық кешенінде Саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күні митинг – реквием өтті.
Спасскідегі қаралы жиынға Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлан Дулатбеков, облыстық мәслихатттың хатшысы Рысқали Әбдікеров, Қазақстандағы Эстония, Польша, Украина Республикалары Елшілігінің өкілдері, этно – мәдени және діни бірлестіктер, облыстық басқарма басшылары қатысты.
Жиынға қатысқан Николай Матияшин саяси тұтқынның немересі, жазықсыз қуғындалған жанның баласы естеліктерімен бөлісіп, алғыс айтты. Жеті адамнан тұратын оның отбасы Украина елінен мәжбүрлеп жер аударылған.
Мұсылман, православ, католик дінбасыларының қатысуымен еске алу рәсімі өтті.
Митинг қарашайлар мен балқарлықтарға арнап ескерткіш орнатуымен жалғасты. Облыс әкімі, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасы және қарашай-балқар ЭМБ өкілдері саяси қуғын – сүргін құрбандарының ескерткіш белгісіне гүл шоқтарын қойып, бір минуттық үнсіздікпен жариялады.
«Минги тау» қарашай – балқар мәдени орталығының төрайымы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Людмила Хочиева сол жылдардағы мұңды естелікті айта отырып еске алды. сөз соңында Л.Ходжиева қазақ халқының қонақжайлығы, бауырмашылдығы үшін алғыс айтты.