Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні

2017 жылдың 15 желтоқсанында Кеншілер мәдениет сарайында Қарағанды облысы әкімінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Мерекеге Қарағанды облысының депутаттары, қоғам қайраткерлері, еңбек ардагерлері, ғалымдар мен оқытушылар, өнеркәсіп ұйымдарының үздік жұмысшылары, мәдениет және спорт, ауылшаруашылық қызметкерлері, этномәдени орталықтардың, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Облыс әкімі Ерлан Қошанов мемлекетке және қаланың әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне ерекше үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік марапатпен және Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамоталарын тапсырды.

Мереке «Елімнің еркіндігі — Тәуелсіздік» атты қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламаға жалғасты. Концерттік бағдарламаға — Альфия Каримова, Ерлан Көкеев (Астана қ), «Ақнай» тобы (Алматы қ), сонымен қатар кәсіби және көркемөнерпаздар ұжымдарының — Академиялық музыкалық комедия театрының артистері, Сәкен Сейфуллин атындағы драма театрының актерлері, Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің шығармашылық топтары, халықаралық, республикалық конкурстар мен фестивальдердің лауреаттары «Қуаныш», «Волшебная страна», «Шолпан» хореографиялық ансамбльдері, «Асель» -вокалды тобы, облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының «Алтын ішек» скрипкашылар ансамблі қатысты.

Iс-шаралар

Меню