2017 жылдың 1наурызында сағ: 15.00 К. Станиславский атындағы орыс драма театрында «Алғыс айту күні – бірліктің, бейбітшілік пен тарихи естеліктің мерекесі» атты алғыс айту күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шарасы өтті. «Бір халық — бір отан — бір тағдыр» атты (Долинка кенті саяси қуғын сүргінге ұшырағандардың мұражайы) қолданбалы өнерінің киізден жасалған бұйымдар көрмесі бірінші қабатта жұмыс жасады. Мерекенің басты іс-шарасы ол концерттік бағдарлама болды. Іс-шараны «Волшебная страна» үлгілі хореографиялық ансамблінің «Бір отбасымыз» атты хореграфиялық композициясымен ашты.
Бағдарламаға облыс әкімі қатысып, құттықтау сөзін айтты. 6 бөлімнен тұратын бағдарламада Қазақстанды мекендейтін түрлі ұлт өкілдері, этномәдени орталықтары өз өнерлерін паш етіп, қазақ жеріне, еліне деген шексіз алғыстарын жеткізді. Қазақстан магниткасының құрлысы, егін шаруашылығының дамуына репрессия жылдарындағы қуғынға ұшыраған түрлі халықтың өкілдері аянбай еңбек етіп, зор үлестерін қосқаны жайлы да бірқатар әңгімелер айтылды. Алғыс айту күні бір бірімізге алғыс айта отырып, көп балалы отбасына қайырымдылық көмектері табысталды.
Сонымен қатар бағдарламада «Құлыншақ» балалар үйінің тәрбиеленушілері де өнерлерін көрсетті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың көреген саясатының арқасында, елімізде бейбітшілік және бірлік, достық пен ынтымақтастық қалыптасқан. Бағдарламаның соңында бір топ Қазақстанның отансүйгіш жастары «Жаса Қазақстан» әнімен аяқтады.