Дәстүрлі республикалық садақ ату жарысы

2025 жылғы 4 маусым, Қарағанды қаласында Turan-El Qazaq Sport кешенінде Қазақстан Республикасы прокуратура органдары қызметкерлерінің арасындағы дәстүрлі республикалық садақ ату жарысы өтті.

Іс-шарада қазақ халқының тарихи жауынгерлік дәстүрі — садақ ату өнері кеңінен насихатталып, ұлттық салт-дәстүр мен рухани мұра дәріптелді.

Салтанатты бөлім Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің «Арқа сазы» фольклорлық ансамблінің солисті Медет Осатаевтың орындауындағы арнаумен ашылып қонақтарға «Шашу» шашылды.

Жарысқа Қазақстанның 16 өңірінен келген қатысушылар қатысып, ұлттық киімдегі «Шолпан» ансамблінің қыздары әр өңірдің атауын білдіретін белгілермен сап түзеп шықты. Салтанатты құттықтау сөздермен: Қарағанды облысы прокурорының бірінші орынбасары Бердібеков Ержан Сәкенұлы, ҚР Бас прокуратурасының Кадрлық жұмыс департаментінің аға прокуроры Жиделбай Нұрсұлтан Нұрланұлы сөз сөйледі.

Жарыстың ашылуында К.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің кәсіби әртістері, сондай-ақ «Шолпан» ансамбльдері өз өнерлерін ұсынып, қатысушылар мен қонақтарға ерекше рухты көңіл-күй сыйлады.

Сонымен қатар, жарыстың өткізілу тәртібі мен ережелері туралы «Қайрат» ұлттық спорт мектебінің аға жаттықтырушысы Ольга Анатольевна Ковалева қатысушыларға баяндама жасады.

Мұндай іс-шаралар патриоттық рухты нығайтып, барлық қазақстандықтарды елдің өркендеуі мен дамуына ұмтылдыратын ұлттық ойындарымыздың маңыздылығын көрсетеді.

Iс-шаралар

Меню