2025 жылдың 7 қараша күні Бұқар жырау ауданының Үштөбе ауылдық мәдениет үйінде 18 мәрте дәстүрлі «Бұқарекең жырлайды» атты облыстық байқау өткізілді. Облыстық байқауға Қарағанды, Теміртау, Балқаш қалалары мен Бұқар жырау, Шет, Осакаров аудандарынан 70 шақты үміткерлер қатысты.
Байқаудың мақсаты – ел бірлігі мен сөз шындығын ту еткен әйгілі Бұқар жырау Қалқаманұлының жалынды жырларын, асыл мұрасын дәріптеу. Жыршы – жыраушы дәстүрді жаңғыртып, насихаттау, ұрпақты ұлттық ата – дәстүр рухына тәрбиелеу.
Байқау төрт номинациядан тұрады. Әр номинацияның өзіндік талаптары мен ерекшелігі бар.
Сайыстың қорытындысы бойынша қатысушылар әр номинациядан жүлделі орындарға, алғыс хаттар мен Доскей Әлімбайұлы, Абай Құнанбайұлы, Мәди Бәпиұлы, Шашубай Қошқарбайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Маясар Жапақұлы, Әбдиман Игенсартов, Қайып Айнабеков, Жәкен Байтуов атындағы арнайы жүлделерге ие болды.
Атап айтқанда,
«Бұқар жырауша» номинациясы:
- 2 орын – Мәмәли Тоқтамұрат, Ернат Кемалов;
- 3 орын – Жайнагул Муратбек, Айтуар Бекежанов;
- Арнайы жүлде – Алтынбек Абзалбеков;
«Бұқар жырау оқулары» номинациясы:
- 1 орын – Марат Алтынай;
- 2 орын – Кощегулова Асылжан, Мейиржанова Аяулым;
- 3 орын – Дүйсенбай Сезім, Тілеуқабыл Камиль, Берикбаева Аружан, Әділбек Арда;
- Арнайы жүлде – Кенжеғали Дара, Айтбек Арман, Сия Айбота;
«Жыршы – жыраулар» номинациясы:
- 1 орын – Әділ Даулен;
- 2 орын – Абдулла Сардар;
- 3 орын – Дарын Даулен, Виктория Аленина;
- Арнайы жүлде – Жайнагул Муратбек, Айсері Молдағали;
«Әлемді түгел білсе де» номинациясы:
- 1 орын – Шержанова Екатерина;
- 2 орын – Бугинова Влада;
- 3 орын – Абдикаримова Зиёда;
- Арнайы жүлде – Разливанов Константин.








































