Бұқар жырау ауданының мәдениеті, бос уақыты мен шығармашылығының жүрегі Ботақара кентінің орталық бөлігінде орналасқан аудандық мәдени-демалыс орталығы болып табылады. Аудан орталығында орналасқан Мәдениет үйінің тарихы тереңде жатыр. Нұра өзені жағасында орналасқан аудандық мәдениет үйі өткен ғасырдың 1970 жылдарынан бері халыққа рухани қызмет көрсетіп келеді.
Бұқар жырау аудандық мәдениет үйі 1970 жылы құрылды. 1989 жылдан 2020 жылға дейін басшы Жұманова Раушан Әлібекқызы болды. 2021 жылдан бастап басшы Талашев Қазбек Александрович болып табылады.
Бұқар жырау аудандық Мәдениет үйінің әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымында клуб үлгісіндегі 37 стационарлық мәдениет ошағы бар, олардың ішінде: Ботақара кентінің аудандық мәдениет үйі, кенттік үлгідегі мәдениет үйі: Қушоқы,Мұстафин, ауылдық Мәдениет үйі: Центральное, Қызылқайың, Сарыарқа, Шешенқара, Баймырза, Ростовка, Самарқанд, Тоғызқұдық. Ауылдық клубтар: Шалқар, Ақөре, Керней, Үміткер, Төрткөл, Алғабас, Үлгі, Тұзды, Тасауыл, Байқадам, Сарытөбе, Тегісжол, Ынтымақ, Ақтөбе, Ботақара, Новоузенка, Гагарина, Белағаш, Қаражар, Көкпекті, Қарақұдық, Ақжар, Ақбел, Бұқар жырау, Андрениковка, Жаңаталап.
Ауданынымызда жыл сайын өткізілетін ең ауқымыды іс-шаралар Бұқар жыраудың шығармашылығына арналған «Бұқарекең жырлайды», «Ауылым алтын бесігім» , этно-мәдени бірлестіктер арасындағы «Қош бол қыс қарлы, Сәлем Масленица нәзік» аудандық конкурсы, «Айгөлек» балалар конкурсы, аға буын арасындағы «Қарты бар елдің, қазынасы бар» конкурстары болып табылады.
4 көркемөнерпаздар ұжымы «Халықтық» және «Үлгілі» атағына ие болды: «Дәурен-ай» ардагерлерінің халық хоры – жетекшісі Халидолда С. Г.Мұстафин кентінің үлгілі хореографиялық ансамблі «Эдельвейс» жетекшісі Ботцман Н.А. «Ботақара бауырайда» халық фольклорлық ансамблі – жетекшісі Батталова Жанар, Доскей ауылдық қазақ аспаптарының халық оркестрі жетекшісі Беспаева Гульзира.